Ғалымдар Жер биомассасының көп бөлігін қандай тіршілік иелері құрайтынын анықтады
Ғалымдар Жер биомассасының көп бөлігін қандай тіршілік иелері құрайтынын анықтады
2 жыл бұрын 1476 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар барлық тірі организмнің көлемі мен салмағын және популяциясын жіктеуге табаны күректей бес жылын сарп етіпті. Ақыры жердегі ең кішкентай және ең үлкен тіршілік иелерінің негізгі биомассасын (салмағын) анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS One мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, ең жоғары биомасса – орман-тоғайдағы өсімдіктерге тиесілі болып шыққан, ал ең төменгісі – амфибия. Бұл тараптағы зерттеудің бір бөлігі ретінде Нью-Жерсидегі Ратгерс университеті мен британдық Колумбия университетінің биологтары басқарған сарапшылар жердегі, теңіздегі және жер асты ортасындағы барлық тіршілік иелерін 36 санатқа бөлді. Содан соң әр топтың ішінен ең үлкен, ең кіші және жиі кездесетін дене өлшемін анықтады. Содан кейін бұл ақпаратты әрбір топтың биомассасы туралы бұрыннан бар деректермен біріктіру арқылы ғалымдар әрбір санаттың (категория) Жер биомассасының қанша бөлігін құрайтынын есептеді. 1960 жылдары су экологтары биомассаның жалпы концентрациясы (шоғырлану деңгейі) түрлі масштабта тұрақты болып қалатынын анықтады, бұл оның мөлшері түрлер арасында біркелкі бөлінуі керек дегенді білдіреді. Дегенмен, бұл бағыттағы таяуда жарияланған деректер басқа көріністі алға тартқан - ұсақ деп саналатын теңіз және топырақ бактерияларының биомассасы орташа жәндіктер мен жануарларға қарағанда көбірек болып шыққан. Зерттеу нәтижесі, сонымен қатар, бұл заңдылық әр алуан түрлерге тән болып келетінін және теңіз өміріне қарағанда құрлықтағы тіршілік иелерінде айқынырақ екенін көрсетті. Адамдарға келетін болсақ, Homo sapiens мөлшері басқа түрлермен салыстырғанда үлкен болуы мүмкін, алайда, адамзаттың биомассасы көзге көрінбейтін топырақтағы және теңіздегі тіршілік иелері сияқты басқа биологиялық топтармен бәсекелесе алмайды. Ғалымдар атап өткен ең үлкен организмдер - киттер мен маржандар. Бұл зерттеудің өзге, ұқсас зерттеулерден айырмашылығы –микробтар мен балдыр, теңіз шөбі секілді су астында тіршілік ететін топтарды да қамтыған. Олардың биомассасы теңіздегі өзге тіршілік иелерінің биомассасының жартысын құрайды.

0 пікір
Мұрағат