Ғалымдар GPS-тің су астында жұмыс істейтін баламасын ойлап тапты
Ғалымдар GPS-тің су астында жұмыс істейтін баламасын ойлап тапты
1 жыл бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күн сәулесінің поляризациясына (поляризация – негізінде кеңістікпен байланысты қандай бір обьектінің бөлінуіне байланысты процесс) қатысты деректер GPS-тың су астындағы баламасы үшін пайдаланылды. Бұл жайында islam.kz порталы eLight мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде GPS-ті құрлықта қандай бір өңірді немесе елді-мекенді анықтау үшін пайдаланады. Алайда, оның су астында жұмыс істейтін баламасы енді әзірленді. Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінің профессорлары Виктор Груев пен Дэвид Форсайт бастаған ғалымдар арнайы объективпен жабдықталған су асты камерасының көмегімен 10 миллионға тарта бейнені немесе көріністі таспаға тартып алды. Ол жарықтың төрт жерде қалай поляризацияланатынын көрсетті: Иллинойстағы тұщы су көлі, Флорида-Кейстің жағалау сулары, Флоридадағы Тампа шығанағы және Солтүстік Македониядағы көл. Фотосуреттер судың түрлі күйінде (мөлдірден көмескі дейінгі аралықтағы), түрлі тереңдікте, күн мен жылдың әртүрлі уақытында таспаға тартып алынған. Әрбір сурет осы деректермен белгіленді. Ғалымдар нейрондық желіні оқыту үшін пайдаланылған мәліметтер базасын құрды. Ол жоғарыда аталған факторларға сәйкес поляризация үлгілерінің болжамды жолмен қалай өзгеретінін «үйренді». Нәтижесінде аталмыш жүйе қай күн екенін, уақытын және поляризация үлгісі негізінде камераның су астындағы суретті түсірген географиялық орынын анықтады. Қазіргі уақытта орналасу дәлдігі 40 пен 50 шаырым аралығын құрап отыр, дегенмен, бұл көрсеткіш технология дамыған сайын жақсаратын болады. Оны шамамен ары кеткенде 300 м тереңдікте қолдануға болады, өйткені, күн сәулесі бұл межеден ары түспейді.

Уикипедия электронды энциклопедиядан:

GPS (ағылш. Global Positioning System — жаһандық позициялау жүйесі, Джи Пи Эс деп оқылады) — аралықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі. Жердің кез келген жерінде (полярлық аумақты қоспағанда), кез келген ауа-райында, сонымен қатар ғаламшардың ғарыштық аймағында нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. Жүйені АҚШ Қорғаныс министрлігі жасаған.[1]

0 пікір
Мұрағат