Ғалымдар адамзаттың жартысының бойында кездесетін паразитті атады
Ғалымдар адамзаттың жартысының бойында кездесетін паразитті атады
3 жыл бұрын 1482 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамзаттың арасында жұғу арқылы ең кеңінен тараған паразитті атады. Бұл жайында islam.kz порталы BGR ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, әлемдегі жұғу көрсеткіші бойынша көш бастаған паразит мысықтан адамға берілетін Toxoplasma gondii паразиті болып шықты. Аталған паразиттің таралу жылдамдығының жоғары болуы жұғу қабілетінің жоғары болуымен байланысты, бұдан бөлек, мысықты асыраушылардың, сондай-ақ, етті жиі тұтынатындардың тазалық талаптарын әрі профилактикалық шараларға жете мән бермеуінен орын алып отыр. Дәлірегі, бүгінгі таңда Toxoplasma gondii паразитін адамзаттың қақ жартысы - 50%-ы жұқтырған. Аталмыш паразиттің мұнша ауқымда таралуына, сондай-ақ, оның симптомдарының білінбейтіндігімен де байланысты. Адам Toxoplasma gondii паразитін жұқтырғанын сезбей қалады, кейде оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бас ауыруы мүмкін, мұны тұмауратып қалғанына жорып, жүре береді. Toxoplasma gondii паразитін бір жұқтырған адам өмір бойы оның тасымалдаушысы болады. Toxoplasma gondii паразиті 1970-ші жылдары адамзаттың шамамен 30 пайызына жұққан болса, бүгінде бұл көрсеткіш елуге жеткен.

Ұқсас материалдар:

«Мысық қауіпсіз жануарға айналады: ғалымдар Toxoplasma gondii паразитін бұғаттайтын әдісті тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mysyq-qauipsiz-januarga-ainalady-galymdar-toxoplasma-gondii-parazitin-bugattaityn-adisti-tapty-16766/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0);

«Токсоплазма паразиті туралы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/toksoplazma-paraziti-turaly-video-13786/#gsc.tab=0);

«Паразит тіршілігін жалғастыру үшін өз митохондриясын иесінікіндей етеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/parazit-tirshiligin-jalgastyru-ushin-oz-mitohondriyasyn-iesinikindei-etedi-14659/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат