Ғалымдар адам өліміне дейін апаратын бактериялар жайлы айтып, дабыл қақты
|
Келешекте адамзаттың ажалы бактериядан болғаны тұр. Мәселен, Мексика бұғазында демалушы жұрт алдағы уақытта өте қауіпті жағдайға душар болғалы тұр. Бұл туралы «Айқын» мерзімді басылымы хабарлады.
Осы туралы дабыл қаққан ғалымдар суда аса қауіпті «Синтия» бактериясы барын анықтаған. Ол адам ағзасына кірген соң іріңдеп, аяқ-қолдан ажырау қауіпі туады. Тіпті, науқас кездейсоқ өліп қалуы да мүмкін. Бұл туралы «The Guardian» хабарлайды.
Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, 2010 жылы "British Petroleum" компаниясының мұнай платформасында жарылыс болған. Апатты жоюға мамандар жарты жыл уақыт жұмсаған. Теңізге құйылған 5 млн баррелден астам мұнай жалпы көлемі 100 шаршы шақырым жерді ластаған. Турфирмалар мен балықшыларға 27 миллион еуро қаражат төлеген компания адамдардың денсаулығын ойлауды ұмытып кеткендей. Ақыры олар ғалымдарға жүгінді.
Нобель сыйлығының иегері Хемильтон Смит бастаған жиырма ғалым мұнайды жеп, суды тазартатын бактерия ойлап табады. Ол «Синтия» деп аталады. Алайда, сол бактерия енді адамдарға шаба бастапты. Осы жағдайдан зардап шеккен жергілікті тұрғын Джоко Энгл аяғы жара болып, бірнеше есе өсіп кеткеніне шағымданған. АҚШ-тың аурудың алдын алу және қадағалау орталығы соңғы жылы Синтимен 97 адам ауырғанын, оның 27-і қайтыс болғанын хабарлады.