Энергияның баламалы .нұсқасына жедел көшудің салдары қандай?
Энергияның баламалы .нұсқасына жедел көшудің салдары қандай?
3 жыл бұрын 2930 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Энергия өндіруді қазбалы ресурстардан жаңғыртпалы энергия  көздеріне жедел көшірудің салдары ауыр болмақ, дәлірегі, экономикалық және адами шығыны көп болады. Бұл жайында islam.kz порталы myprofit.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Райса университетінің Байкер институтының ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Аталмыш зерттеуді Байкер жоғарғы оқу орнындағы энергетиканы және қоршаған ортаны қорғауды реттеу мәселелерімен айналысатын Baker Botts-тың ғылыми қызметкері Гейб Коллинз мен энергетика, пайдалы қазба ресурстары және материалдар саласының білікті маманы Мишел Мишо Фосс жүргізген екен. Олардың ескертуінше, осы уақытқа дейін қолданылып келген энергия өндіру тәсілінен қоршаған ортаға зияны аз баламалы нұсқасына, яғни, жаңғыртпалы энергия көздеріне көшуге әлі ерте, өйткені, бұл процесс жеделдетіп жүргізілсе, күллі әлемде азық-түлік секілді ең қажетті тауарлар бағасының күрт өсуіне алып келмек. Ғалымдар бұл тарапта қандай негізге арқа сүйеп отыр? Бұрынғы энергетика саласындағы трансформация, мәселен, адамзаттың ағаштан көмірге, көмірден мұнайға көшуіне кем дегенде ондаған жылдар кеткен, бұған энергия сыйымдылығы төмен түрінен энергия сыйымдылығы жоғары түріне өтуі себеп болған. Ал қазіргі мұндай процесс мүлдем басқа сипатта өрбіп отыр – энергия сыйымдылығы жоғары түрінен энергия сыйымдылығы төмен түріне өтуді ұйғарады. Бұдан бөлек, ғалымдардың айтуынша, бүгінгідей энергетика саласындағы трансформацияда мұнай мен газдың өндірістегі маңызын әрі жаңғыртпалы энергия көздерінің әлеуеті толық ескеріліп отырған жоқ. Ол ол ма, мұнай мен газ тура мағынасында жел турбиндері мен күн панелдерінің «құрылыс блогы» болып табылатынын алға тартуда. Жел турбиндері шыны талшықтарынсыз және термореактивті пластмассасыз жасалмайды. Ал күн фотогальваниканы плексиглассыз елестету мүмкін емес. Электрмен жүретін автокөліктердің батареяларында энергияның (көміртектің) көп мөлшері бар, т.б. Бұған қоса, мынадай жайсыз шындықтан айналып өту мүмкін емес: жел, күн, желілік батареялар және электр көліктерінің аккумуляторлары сияқты энергияны тасымалдау технологияларымен байланысты материал сыйымдылығы энергия тығыздығының төмендеуіне байланысты дәстүрлі технологиялардың материал сыйымдылығынан асып түседі. Шын мәнінде, энергияның тығыздығы мен материал сыйымдылығы арасындағы айырмашылық таза энергияға көшу процесін жобалауда үлкен алшақтыққа апарып соқтырады.

0 пікір
Мұрағат