Дәріге төзімді зең пайда болды. Қатері қандай?
Дәріге төзімді зең пайда болды. Қатері қандай?
3 жыл бұрын 1691 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британдық ғалымдар топырақ пен ауа құрамында жиі кездесетін дәрілерге төзімді зеңнің иммунитеті төмен адамдарға жұғатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл антропогендік факторлармен байланысты. Лондон мегаполисіндегі империялық колледж биологтері 2005-2017 жылдар аралығында Ұлыбритания аумағынан Aspergillus fumigatus деп аталатын зеңді саңырауқұлақтың 218 үлгісін табылған. Олардың шамамен 70%-ы аспергиллезден зардап шегетін науқастардың бойынан байқалған, ал қалғаны топырақ, су, ауа құрамынан және өсімдік тінінен анықталған. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, дәрі-дәрмекке төзімді штамдар (қоздырғыштар) қоршаған ортаға кеңінен тарап үлгерген. Биологер зең үлгісінен ДНҚ-ын алып оны секвенирлеген (секвенирлеу - ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің ретін анықтауға мүмкіндік беретін әдістердің жалпы атауы. ДНҚ-ны секвенирлеу – дезоксирибонуклеин қышқылының бірінші реттік құрылымындағы нуклеотидтер ретін оқу - atamuraweb.kz дерек көзінен). Қоршаған ортадан және пациенттерден табылған дәріге төзімді зеңде генетикалық материалдың алмасуының болғанын немесе болмағанын анықтау мақсатынды. Талдау нәтижесі кем дегенде алты науқастың дәріге төзімді саңырауқұлақты басқа науқастардан емес, қоршаған ортадан жұқтырғанын көрсетті. Клиникада байқалған аспергиллез жағдайлары бірінші қатардағы азолдарға төзімді келетіні де анықталды. Лондон империялық колледжінің инфекциялық аурулардың ғаламдық талдау орталығынан аталмыш зерттеуге атсалысқан Джоанна Родстың айтуынша, пациенттердің бұл инфекцияларды қалай жұқтыратынын белгісіз - олар инфекциядан емделіп жатқанда өкпеде дамиды ма әлде оларды жұқтыратын зең дәріге төзімді ме? Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, зеңді адам осы екі жолмен де жұқтыруы мүмкін, қоршаған ортада жиі кездесетін төзімді зең адамдардың өкпесіне еніп, оларды жұқтыруы мүмкін, бұл ем қонуы екіталай ауруды тудыруы мүмкін. Aspergillus fumigatus — cаңырауқұлақ ауруын тудыруы мүмкін қоршаған ортаға кеңінен тараған зең. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, өкпесі сау адамдар бұл инфекцияны жұқтырғанда тез жазылады, ал тыныс алу ағзасында ақау бар немесе иммундық жүйесі әлісреген адамдарың өкпесінде саңырауқұлақ тарап, аспергиллез тудырады. Биологтердің топшылауынша, қоршаған ортадағы саңырауқұлақтың дәріге төзімділігі ауыл шаруашылығында қолданылатын, соның ішінде тұқымды өңдеуде, өсімдік ауруларының алдын алуда пайдаланылатын азолды фунгицидтен қалыптасқан. Ғалымдар фунгицидтерді кеңінен қолданудың арқасында зең адам ағзасына түспей тұрып-ақ дәрілерге төзімділікке ие болатынын атап өтті. «Қоршаған ортадағы ауру тудыратын инфекцияның бастапқы көздерін анықтап, саңырауқұлақтың артып келе жатқан дәрі-дәрмекке төзімділіктің генетикалық негіздеріне шұғыл назар аударуымыз қажет, өйткені, аталған инфекцияның ем-домға көнбейтін қарсылығы бұл аурудың алдын алу, емдеу қабілетін төмендетеді»- деп мәлімеді осынау зерттеуге өз үлесін қосқан Қоғамдық денсаулықты сақтаудың империялық мектебінің ғалымы Мэтью Фишер. 

0 пікір
Мұрағат