Болашақ қаруы: Рельсотроннан сағатына 8000 шақырым жылдамдықпен оқ атылды (видео)
Болашақ қаруы: Рельсотроннан сағатына 8000 шақырым жылдамдықпен оқ атылды (видео)
17 күн бұрын 1181 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның әскери теңіз күштері теңіздегі ұрысқа арналған рельсотронның қалай жұмыс істейтінін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы mod.go.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша қондырғының ең басты артықшылығы – снарядты дыбыс жылдамдығымен бірдей жылдамдықпен атады. Яғни, 40-мм-лік снарядты 6,5 Махқа дейінгі жылдамдықпен атады. Ату 5 мегаджоулдегі импулсты қажет етеді. Келесі кезеңде бұл көрсеткішті 20 мегаджоулге жеткізбек. Бірегей жобаны күншығыс елінің технология және логистика жөніндегі агенттік мамандары 2016 жылдан бері қолға алынған. Соңғы үш жылда бұл жобаға 46 млрд йеннен (жапондардың ұлттық валютасы – ред.) аса қаражат (яғни, шамамен 300 млн доллар) жұмсалған. Өзгеше қарудың техникалық немесе технологиялық сипаттамасы құпия ұсталады. Әдетте рельсотронды болашақтың қаруы сандайды. Ол жылдамдату үшін электрлі магнитті пайдаланады: снаряд ток өткізетін бағыттаушының бойымен жылжиды. Бұл қару Гаусс зеңбіректерінен көп айрықшааланады - онда снаряд оқпан қабырғаларына тимейді. Рельс зеңбіректің тиімділігі жоғары (35%- ға дейін және одан да көп), десе де бағыттаушы оқпан тез тозады. Жапон әскері гипердыбыстық қаруларға тойтарыс беру үшін рельс зеңбірегін қолдануды жоспарлап отыр. Бұл, әсіресе, снаряд төтеп беретін орасан зор үдеулердің кесірінен қиындық туғызады. Инженерлер электрониканы төтенше жағдайларға бейімдейтін болады. Рельсотронды америкалықтар да, еуропалық елдер де, қытайлар да әзірлеуге кіріскен.

 

0 пікір
Мұрағат