Иранның қолдан тоқылған кілем экспортының жыл сайынғы мөлшері 4 пайызға артқан
|

Иранның ұлттық кілем тоқу орталығының жетекшісі Зәкір Каманның айтуынша, өткен 1403 (иран күнтізбесі бойынша алғанда) елдің қолдан тоқылған кілем экспортының көлемі шамамен 4 пайызға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, парсы елі өткен жылы 39,7 млн долларға әлемнің 65 еліне қолдан тоқылған кілем экспортталған. Иран кілеміне өткен жылы Біріккен Араб Әмірлігінен, Жапониядан, Қытайдан және Германиядан сұраныс жоғары болған. Осы аталған төрт мемлекетке өткен жылы жалпы құны 22 млн доллардан асатын қолдан тоқылған кілем экспортталған. Нарықтағы мұндай тенденция шектеу шараларын алып тастаудың, шеберлерге ұлттық кілем тоқу орталығы тарапынан қолдау көрсетудің арқасында болған.
Ұқсас материал:
Қолдан тоқылған кілемнің өзінен қыруар табыс тапқан ел




