Жердің жасыл желекке бөленуінің қатері айтылды
|

Жердің жасыл желекке бөлену аумағы соңғы жарты ғасырда антропогендік факторларға, соның ішінде атмосфераға көмірқышқыл газының шектен тыс бөлінуіне байланысты артқан. Жаһандық жылыну әсерінен орын алған бұл құбылыс 2100 жылға дейін жалғасады. Ал бұл жайт өз кезегінде жердің су (гидрологиялық) балансына кері әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы One Earth мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағытта CMIP6 климат моделін пайдалана отырып, түрлі деректі нақтылауға талпынды. Нәтижесінде әлемдегі жасыл желектің орташа ауданы 0,01 шаршы метрден кем түспейтін жылдамдықпен әрбір 10 жыл сайын артады. Кей моделдерде өсім осы мәннен екі-төрт есе жылдам жүреді. Мәселен, климатының дені қоңыржай Ресей Федерациясы аумағындағы жасыл желекке малыну қарқыны жасанды жер серігінен алынған мәліметке сәйкес он жылда бір шаршы метрге шаққанда 0,024 мөлшерде артқан. Бұл құбылыс ит тұмсығы батпайтын ну жынысты аймақтарды ерекше қарқынмен жүреді. Ал бұл жайт биологиялық түрлердің басым бөлігінің ортасына айналған ну жыныстағы тіршілік иелерінің жойылу қатерін тудырады. Жаһандық жасыл желекке малыну қарқыны кезінде жауын-шашын молынан түседі. Өйткені, өсімдік экожүйесі бұл құбылыстан суды көбірек буландыратын болады.




