Бірнеше мың ағаш түріне жойылу қатері төнді
Бірнеше мың ағаш түріне жойылу қатері төнді
1 ай бұрын 1109 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Экологтар әлемдегі 192 елдің аумағындағы орман-тоғайдың жай-күйіне баға берді. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық табиғат қорғау одағының (International Union for Conservation of Nature and Natural Resources, IUCN) дерегіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған одақ сарапшылары бұл тараптағы өз қорытындыларымен ұйымның сайтында (loodusveeb.ee) жарияланған баяндамасында бөлісті. Ғалымдар бұл бағытта ағаштың 47 мыңнан астам түрінің жағдайын зерттеген екен. IUCN мәліметі бойынша ағаш түрлерінің 16 мыңы немесе 35%-ы жойылып кету алдында тұр. Бұған негізінен антропологиялық фактор себеп болып отыр, яғни, адамзаттың әсері мен әрекеті басты себеп болып отыр. Ауыл шаруашылығы үшін жерді кеңейту бағытында орман-тоғайды аясуз отап жатыр. Әсіресе, жері тар арал мемлекеттердегі орман-тоғайдың жай-күйі сын көтермейді. Бұдан бөлек, климат дағдарысы да, соның ішінде тілсіз жау мен құрғақшылық, топан су секілді өзге табиғи апаттар орман-тоғайдың ауданын тарылтуда. Бұған қоса, түрлі зиянкестер мен аурулардың әсерінен де ағаштар жойылып жатыр. Арал мемлекеттерден кейін Оңтүстік Америкадағы жағдай да экологтардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Аталған құрлықтағы ағаштардың 13 668 түрінің жағдайын бағалай келе, олардың 3356-на жойылу қатері төнгенін анықтады. Ағаш өзге өсімдік түрлері секілді емес, өте баяу өсетін өскін болғандықтан олардың биологиялық әралуандылығын қалпына келтіруге жылдар кетеді.

0 пікір
Мұрағат