Бір-біріне цементсіз жабысатын, өнеркәсіп қалдықтарынан полимерлік кірпіш жасалды
Бір-біріне цементсіз жабысатын, өнеркәсіп қалдықтарынан полимерлік кірпіш жасалды
2 жыл бұрын 2216 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиядағы Флиндерс универистетінің ғалымдары өндірісі кезінде қоршаған ортаға зиянды заттар бөлмейтін полимерден әмбебап құрлыс материалын жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы news.flinders.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Полимерлік кірпіш өз кезегінде өндіру кезінде атмосфеараға орасан зор зиянды заттар бөлетін бетон мен цементтің экологиялық баламасына айналмақ. Ол қалаған кезде арнайы ерітінді қажет етпейді, көрші кірпішпен мықтап бекиді. Аталмыш технология негізінде түрлі өнеркәсіп процесінде қалдық ретінде қалатын күкіртті өңдеу процесі жатыр, австралиялық ғалымдар күкірт пен мұнай өңдеуден пайда болатын дициклопентадиенді рпас майымен араластырған. Нәтижесінде жаңа полимер пайда болған. Бұл материалдың басты ерекшелігі – амин негізіндегі катализатормен өңделген кезде полимерде күкірт-күкірт байланысы іске қосылады. Көрші кірпіштердегі зат қайта реттеледі және катализатордың булануынан кейін ол, шын мәнінде, біртұтас болады. Алынған қосылыс цемент ерітіндісіне немесе құрылыс желіміне қарағанда берік, полимерлі кірпіш гидрофобты, яғни су өткізбейді және әртүрлі ауа райы жағдайларына төзімді. Сондай-ақ, австралиялық ғалымдар көміртекті талшықпен толтырылған полимерлі кірпіштің сынақ нұсқасын жасады, бұл материалдың беріктігін 16 есеге арттырды. Қазіргі уақытта олар осы кірпіштерді жаппай өндіру мәселесін шешу үшін Clean Earth Technologies компаниясымен серіктестік орнатуда.

Полимерные кирпичи

0 пікір
Мұрағат