Батыстық ата-ананың бағынан гөрі соры басым...
Батыстық ата-ананың бағынан гөрі соры басым...
4 жыл бұрын 4901 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда әлемнің 42 елінде жүргізілген зерттеу нәтиесі көрсеткендей, индивидуализм стилінде тәрбиеленген батыс елдерінің тұрғындары ата-аналық міндетінен зардап шегіп отыр. Әлемнің ұжымдық тәрбиеге негізделген жүйе бойыша бала тәрбиелейтін өзге елдеріне қарағанда. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Affective Science мерзімді басылымы мен осы жаңалық туралы хабарлаған link.springer.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ата-ананың сарқылуы» деген ұғым бар – бұл синдромның басты симптомдарының біріне ата-ананың балаға деген жағымды эмоцияның азаюы жатқызылады, яғни, балаған деген ата-ананың салқын тартуын айтамыз. Перзентке деген махаббат пен мейірімділіктің орнын дәрменсіздік пен ашу-ыза басады. Бұл тек балаға ғана кері әсер етіп қоймай, сонымен қатар, бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар арасының сууына да алып келетін қауіпті синдром. Балаға қиындықта айтпау әрі «бақытты ана» болып көріну ахуалды одан ары асқындырады. Гендерлік тұрғыдан ата-ана сарқылуынан алдымен әйел зардап шегеді. Белгиядағы Левин католик университеті мамандарының бастамасымен қолға алынған жобаға қатысқан жүзге тарта халықаралық ғалымдар тобы бұл тарапта әлемнің 42 елінде зерттеу жүргізді. Дәлірегі, талмыш зерттеуге 17 409 адам тартылған, олардың 71 пайызын әйелдер құраған. Мұндағы мақсат ата-ана сарқылуының мәдениетке қаншалықты байланысы барын анықтауға сайған. Аталмыш зерттеу нәтиесінде индивидуализм мен адамның жеке бас бостандығын алға қоятын дамыған батыс елдерінің тұрғындары арасында ұжымдық тәрбиелеу жүйесі қалыптасқан азиялық ата-аналарға қарағанда ата-ана сарқылуынан зардап шегетіндер қарасы әлдеқайда көп болып шыққан – батыстық отбасында барлық жағдай жасалғанына әрі бала саны шектеулі болғанына қарамастан, яғни, шұбыртып бала таба бермей, бірді-екілі перзентпен шектелетініне қарамастан ата-ана сарқылуынан зардап шегіп жатады. Яғни, бар гәп – мәдени танымда жатыр. Батыстық бала тәрбиесі – азиялық немесе африкалық нұсқасына қарағанда мейлінше интимді болып келеді, мәселен, бала тәрбиесіне ата-әжесін немесе өзге туыстарын араластыра бермейді. Алайда, бұдан ата-ана да, бала да зардап шегетін болып шықты.

0 пікір
Мұрағат