Ауаны ластайтын улы заттар балалардың өкпесінде алғашқы дем алғанға дейін кездесіп жатыр
Ауаны ластайтын улы заттар балалардың өкпесінде алғашқы дем алғанға дейін кездесіп жатыр
2 жыл бұрын 1542 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шотландиялық және белгиялық ғалымдар алғаш рет әлі өмірге келмеген, яғни, ана құрсағындағы шараналардың өкпесінен, бауырынан және миынан атмосфералық ластаушы заттардың бөлшектерін - олардың алғашқы тыныс алуына дейін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әрбір текше миллиметр ұлпада зерттеушілер мыңдаған қара көміртек бөлшектерін тапты. Оларды жүкті әйелдер тыныс алып, ішке жұтады, содан кейін зиянды заттар қан арқылы ұрыққа жеткен. Табылған бөлшектер жанған қазба отындарының микроскопиялық ыс-күйесі. Оның құрамында улы химикаттар кездеседі әрі қабынуды тудыруы мүмкін. Бұл тараптағы бұрынғы зерттеу нәтижелері ауаның ластануынан түсік тастау оқиғаларының артқанын, шала туу фактілерінің көбейгенін, шақалақтың дене салмағының кем болып өмірге келетінін, олардың ми дамуында ақау орын алатынын көрсетіп берген еді.

0 пікір
Мұрағат