Атмосфералық шаң парниктік газдардың жылыту қарқынын тежейді
Атмосфералық шаң парниктік газдардың жылыту қарқынын тежейді
2 жыл бұрын 1212 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары атмосфералық шаңның парниктік газдар тудыратын жылыну әсерін ішінара өтей алатынын, яғни, әсерін жұмсарта алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Nature Reviews Earth and Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атмосфералық шаң – шөл даладағы шаңды дауылдармен тасымалданатын микроскопиялық бөлшектер, ол парниктік газдардың әсерінен болатын жылынуды тежейді, планетада жалпы салқындатқыш әсерге ие. Ғалымдар 1800 жылдардың орта шенінен бері шөлдегі шаңның мөлшері шамамен 55 пайызға артып, планетаны салқындату әсерін күшейтті, деп есептейді. Шаң көбеймесе, планета Цельсия бойынша шамамен 0,06 градусқа ысыитын еді. Температураның әр градусқа көтерілуінің өзі қауіпті. Бұл орайда шөлдегі шаң-тозаңның маңызы арта түспек. Климаттық салқындату әсері күн сәулесінің және бұлттардың шаңмен таралуының арқасында қол жеткізіледі. Сонымен қатар, ол қар мен мұзды қараңғылауға қабілетті, бұл олардың жылуды көбірек сіңіруіне әкеледі. Шаң сонымен қатар мұхитқа еніп, көмірқышқыл газын сіңіретін фитопланктонның өсуіне ықпал ететін темір мен фосфор өндірісін ынталандырады, осылайша қосымша салқындатуды тудырады. Сондықтан атмосфералық шаңның параметрі өзгерістердің пара-пар болжамдары үшін климаттық моделдерге қосылуы керек, деп санайды зеррттеушілер. Дегенмен, шаң деңгейінің жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелетін көптеген табиғи және антропогендік факторлар болғандықтан, мамандар алдағы он жылда атмосфералық шаң мөлшерінің қалай өзгеретінін әлі нақты болжай алмайды.

0 пікір
Мұрағат