Асүй сүлгісіне қарағанда суды үш есе көп сіңіріп алатын мата жасалды
|
Ғалымдар гидрогелді кәдімгі мата сияқты бүктеп, қағаз сияқты жыртуға болатын таңғышқа (пластыр) айналдыра алды. Бұл жайында islsm.kz порталы Matter мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте біз үшін кәдімгі шүберекпен немесе қағаз сүлгімен құрғату қиындық тудырмайды. Алайда, лақ етіп су төгілген жағдайда, көлкіген суды құрғату машақатқа салуы мүмкін. Шриниуаса Рагауанның есімді ғалымның жетекшілігімен АҚШ-тың Мэриленд университетінің ғалымдары бұл тарапта әдеттегі матаға қарағанда суды немесе басқа су негізіндегі сұйықтықтарды үш есе көп сіңіретін гидрогелді мата жасады. Гидрогел суды жақсы сіңіргенімен шүберек немесе қағаз сияқты макроскопиялық кеуекті емес, полимер молекулаларынан тұратын материал. Америкалық ғалымдардың бұл бағыттағы жетістігінің мәні – олар гидрогелді кәдімгі мата сияқты бүктелетін және қағаз сияқты жыртылатын патчқа айналдыра алған. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін зерттеушілер алдымен гидрогелді қышқылға, сілтіге және басқа заттарға шылаған. Гидрогел ас содасы мен сірке суының қоспасы сияқты содан кейін көмірқышқыл газының көпіршіктерін түзген, бұл процесс материалдың аздап көбіктенуіне себеп болды. Содан кейін зерттеушілер материалды екі шыны парақтың арасына жіңішке етіп басып, ультракүлгін сәулемен өңдеді. Соңында олар оны спирт пен глицерин ерітіндісіне малып, артынша кептірген. Осылайша, жұмсақ және серпімді гидрогелді патч жасалды. Тегіс парақ күнделікті жағдайда сақталған кезде өзінің пайдалы қасиеттерін кем дегенде бір жыл сақтайды. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, гидрогел төсемі үстелдегі көлкіген 25 миллилитр суды 20 секундта сіңірген, ал кәдімгі шүберек осынша мөлшердегі судың 40 пайызын сіңіре алмаған аталған мерзім аралығында. Тәжірибе барысында гидрогел қан сияқты судан қою сұйықтықтарды сіңіруде де жақсы нәтиже көрсеткен. Ғалымдар аталмыш материалдың қасиеттерін одан әрі жақсартуды жоспарлап отыр.