Ақпаратты 200 жыл бойы сақтай алатын флешка жасалды
Ақпаратты 200 жыл бойы сақтай алатын флешка жасалды
7 ай бұрын 1178 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Stokkete / Shutterstock / Fotodom

Machdyne компаниясы деректерді ұзақ мерзімге сақтауға арналған флэш-дискіні жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы TechSpot ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Blaustahl USB құрылғысы негізінде аса құнды мәліметтерді сақтауға әрі тасымалдауға арналған. Флешка ақпаратты бірнеше ұрпақ ауысқанша сақтауға қабілетті сегнетті-электрлі жедел жады технологиясына негізделген. Сондай-ақ, FRAM арқасында флэш-диск өте ауқымды ресурсқа ие - ол триллиондаған жазу циклдарына арналған. Құрылғыда Raspberry Pi RP2040 микроконтроллері және микробағдарламаны жазуға арналған 4 мегабайт NOR жады бар. Machdyne компаниясы құрылғының 35 градустан аспайтын температурада сақтауға арналғанын айтты. Сақтау сыйымдылығы 8 килобайт - осылайша, дискіде 8192 таңбаны сақтауға болады. Blaustahl маңызды мәтіндік ақпаратты сақтауға және оны ұрпаққа жеткізуге қолайлы. Хабарламада кәдімгі дискілерде қолданылатын NAND флэш-жадының бұл үшін жарамсыз екендігі айтылады - мұндай флэш-дискілердің қызмет ету мерзімі 16 жылдан 20 жылға дейін. «Мәңгілік» USB дискінің құны 30 еуроны құрайды.

0 пікір
Мұрағат