Әлеуметтік медиа деректеріне негізделген адамдардың цифрлы мәңгілік ғұмырының технологиясы жасалады
Әлеуметтік медиа деректеріне негізделген адамдардың цифрлы мәңгілік ғұмырының технологиясы жасалады
2 жыл бұрын 1262 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының білікті мамандары адамдардың әлеуметтік медиа деректері: сенімдері мен қарым-қатынас үлгілері негізінде цифрлы тұрғыдан өлмейтын бейнесінің технологиясын әзірлеуде. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба «кеңейтілген мәңгілік»  деп аталады. Бұл жобаға айықпас дертке шалдыққан науқастар қатысады. Жасанды зерде адамдардың ойларын, жүріс-тұрысын, эмпатиясын және интуициясын жаңғырта алмаса да олардың эмоциялық мұрасының бір бөлігін сақтап қалуы мүмкін. Қазір әлеуметтік желілердегі деректер адамның қарым-қатынас тәсілін толығымен көшіру үшін жеткіліксіз. Десе де бұл бағыттағы технология жетілдірілетін болады. Айықпас дертке шалдыққан 25 америкалық азамат пен жоғары білікті мамандар өздерінің цифрлық егіздерін жасауға келісті. Кейбіреулер «кеңейтілген мәңгілік бейнесін» жақындарын қайтыс болғаннан кейін жұбатады деп үміттенеді. Екіншісі, олардың білімі мен тәжірибесі болашақ ұрпаққа пайдалы болады, деп санайды. Цифрлық ғұмыр идеясы этикалық және құқықтық тұрғыдан пікірталас тудыруда. Сондай-ақ, қайтыс болған адаммен байланыс форматы әлі анық емес - чатбот, аватар немесе түбегейлі басқа нәрсе қолданылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат