Әлемдік мұхиттың қышқылдығы артып, шаяндардың сауыты желініп жатыр
Әлемдік мұхиттың қышқылдығы артып, шаяндардың сауыты желініп жатыр
5 жыл бұрын 2799 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдік мұхит көмірқышқыл газының шамамен 30 пайызын сіңіріп алады. Яғни, атмосферада СО2 деңгейі көтерілген сайын әлемдік мұхиттың қышқылдығы да артып отырады. Таяуда осы бағытта үргізілген зерттеу барысы мен нәтижесі көрсеткендей, шаяндардың кей түрінің жойылу қаупі төнген. АҚШ-тағы мұхитты және атмосфераны зерттеумен айналысатын ұлттық басқармасы Metacarcinus magister деп аталатын шаян түрінің популяциясын зерделеумен шұғылданатын экспедицияны қаржыландырған болатын. АҚШ-тың солтүстік-батысында шаян ауланады. Шаян жергілікті теңіз өнімдерінің негізін әрі жергілікті табыс көзінің көп бөлігін құрайды. Әлемдік мұхиттың қышқылдануынан біз сөз еткен шаяндарға жойылау қаупі төнген. 2016-2019 жыдар аралығындағы деректерді салыстыра отырып, шаяндардың ең осал үйірінен көптеген ақау тапқан болатын. Олардың кейбіреуінің сауыты құрылымдық жағынан бүліне бастаған. Ал кейбірінде, тіпті, кеңістікте бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін сенсорлық түгі болмаған. Ғалымдар шаяндардың мұндай күйге түсуін мұхит суының қышқылдануынан көріп отыр.

Инфографика

0 пікір
Мұрағат