ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ 5 АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ (ФОТО)
|
1. Мадина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітіндегі ауызашар дастарханы. Күн сайын 25 000 жанға жайылатын бұл дастархан әлем мұсылмандарына кеңінен танымал. Ас мәзірі – құрма, су және жеміс-жидектер.
2. Ирандағы имам Реза мазарындағы ауызашар. 12 000 жан қатысқан.
3. БАӘ-нің астанасы Абу Дабидегі шейх Зайд мешітіндегі дастарханнан 22 мың мен 25 мың аралығындағы жан ауыз ашады. Әлем туристтерінің сүйікті орнына айналған атақты ақ мешіттегі ауызашар рәсімі арнайы құрылған шатырларда ерлер мен әйелдерге бөлек беріледі.
4. Әлемдегі ең ірі ауызашар рәсімдерінің бірі Мекке қаласындағы Харам мешітінде беріледі. Қайбір жылдары бұл жерде жайылған дастарханның ұзындығы 12 000 метрге жеткен.
5. Үндістанның Дели қаласындағы Джама мешітіндегі ауызашар. Әрине, 140 млн мұсылман тұратын бұл елдегі ауызашар дастарханы кіші болмауға тиіс.
Сондай-ақ, 22-маусым күні татар елінің астанасындағы "Қазан Арена" стадионында өтетін ауызашар дастарханына 10 000 адам шақырылып отыр. Шараны ұйымдастырушылар биылғы жылы қонақтар санын екі есеге арттырып отыр.+