Әлемде алғаш рет өзін-өзі қалпына келтіре алатын кәріз құбырлары жасалды
Әлемде алғаш рет өзін-өзі қалпына келтіре алатын кәріз құбырлары жасалды
1 жыл бұрын 1031 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар зақымдалса немесе тозса, өздігінен жөнделетін немесе қалпына келетін, бетоннан жасалған кәріз құбырларын сынақтан өткізіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы unisa.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Оңтүстік Австралия университетінің сарапшылары бетон құбырларының тозуын тоқтату үшін жаңа шешім ұсынып отыр. Суды тазарту шламымен толтырылған микрокапсулалар түріндегі өзін-өзі қалпына келтіретін бетон құбырлар сынақтан сәтті өтсе, мамандар жыл сайын немесе белгілі бір мерзім аралығында ескісін жаңасына ауыстыру машақатынан құтылады. Зерттеушілер рН-сезімтал қабығы бар микрокапсулаларды және құрамында алюминий шламы, канализациялық тазарту қондырғыларының жанама өнімі және кальций гидроксиді ұнтағы бар микрокапсулаларды әзірлейді. Комбинацияның микробтық коррозияға төзімділігі жоғары. Бетонды сынудан қорғау үшін соңғы араластыру сатысында ұсақ түйіршіктер қосылады. Қышқыл деңгейі жоғарылағанда рН мәні өзгергерсе, микрокапсулалар коррозияны және басқа микрожарықтарды түзететін затты шығарады. Ағынды сулардағы күкіртті тотықтырғыш бактериялардан шығатын коррозиялық қышқыл шамадан тыс салмағымен, ішкі қысыммен және температураның ауытқуымен бірге құбырлардың жарылуына және олардың қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкеледі. Сарапшылар Австралия бойынша 117 000 шақырым кәріз құбырларын біртіндеп бетон және композиттік микрокапсулалардан жасалған құрылымдарға ауыстыру арқылы ел құбырларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден жыл сайын шамамен 1,4 миллиард доллар үнемдей алады, деп есептейді. Сонымен қатар, капсулалардағы шламды пайдалану ағынды суларды тазарту қондырғыларының қалдықтарын азайтады, олар полигонға шығарылған кезде жыл сайын шамамен 29,4 тонна көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі.

0 пікір
Мұрағат