Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды
Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды
2 жыл бұрын 2161 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар суперкритикалық сұйықтықтың көмегімен жойылуы қиын химиялық заттарды жоятын реактор жасады. Бұл жайында Islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Chemical Engineering Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Вашингтон университетінің зерттеушілері PFOA (перфтороктан қышқылы) және PFOS (перфтороктан сульфон қышқылы) жоюдың жаңа әдісін жасады. Олар суперкритикалық сұйықтықтың көмегімен жойылуы қиын химиялық заттарды толығымен жоюға қабілетті реактор жасады. Ол жоғары температура мен қысымда қалыптасады. «Мәңгілік химиялық заттар» суда және топырақта сақталу қабілетіне байланысты осылай аталған, оолар молекулалардың ерекшетобынан тұрады. Олар адамның күнделікті өмірінде кездеседі - азық-түлік қаптамасынан тұрмыстық химияға дейін. Бұл химиялық заттар ыдырамайтындықтан, олар адамдардың суына және тағамына түседі және қатерлі ісік секілді денсаулыққа қауіпті ауруларды тудырады. Олардың арасындағы ең көп таралған екеуі - PFOA және PFOS. Жаңа технология өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге және қоршаған ортада бұрыннан бар шоғырланған химиялық заттарды біржола жоюға көмектеседі. PFOS және PFOA сияқты қарапайым суда мәңгі сақталатын химиялық заттар өте жоғары жылдамдықпен өте критикалық суда ыдырайды. Тиісті жағдайларда бұл көнбейтін молекулалар толығымен жойылуы мүмкін, ешқандай аралық өнімдер қалдырмайды және тек қалалық су мен тіс пастасына жиі қосылатын көмірқышқыл газы, су және фтор тұздары сияқты зиянсыз заттарды қалдырады. Бастапқыда реактор химиялық соғыс агенттерін (яғни, химиялық қаруды десе де болады) жоюға арналған. Артынан оның қолданылу аясы кеңейтілді. Реакторды жасау үшін ғалымдарға табаны күректей бес жыл қажет болған. Бүкіл құрылым ұзындығы шамамен үш метр және диаметрі 2,5 см болатын тот баспайтын болаттан жасалған қалың түтіктің ішінде орналасқан. Ішіндегі температура әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кейбір химиялық заттар 400°C, басқалары үшін 650°C қажет. Жалпы өңдеу уақыты бір минутқа жетпейді.

Ұқсас материалдар:

«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mangi-himikattardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-adisi-tabyldy-17279/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат