"Адам төзгісіз аязға төтеп беретін ержүрек қазақтар" шетелдіктерді тәнті етті (фото)
|
Моңғолияда -40 градус аязға төтеп беретін жүздеген ержүрек қазақтың өмірі шетелдіктерді тәнті етті. Танымал британдық "Daily Mail" мерзімді басылымы Моңғолиядағы жергілікті қазақтардың өмірінен бір күнді жария етті.
"Бұл адам сенгісіз фотолар шалғай Моңғолияда адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан отбасының өмірін көрсетеді. Жүздеген ержүрек қазақтар әр жылдың ақпанынан сәуіріне дейін Моңғолияның батысындағы Алтай тауының 100 миль қашықтығын кесіп өтеді", - деп жазылған аталған басылымда.
Фотограф Тимоти Аллен Шоқан мен оның әйелі Пеманың отбасында қонақтап, олардың маусымдық көштерінен тамаша фотолар түсірген.
Бүркітпен аңшылық құратын қазақ отбасы тамақтанып отыр.
Қазақтар 100 миль қашықтықты қақаған -40 градус аязда кесіп өтуге мәжбүр.
Олар таудан мыңдаған малын айдап өтеді.
2016 жылдың қаңтарында фотограф қазақтарға ілесіп, олардың өмірін өз көзімен көріп қайтты.
Ұзақ жолға шыққан қазақтардың қауіпке толы шытырман өміріне бұл фотолар куә бола алады.
200 отбасынан бөлек қазақтар мыңға жуық малын да көшіріп үлгереді.
Тимоти Аллен бұл отбасымен бір жыл бұрын да сапарға шығып көрген.
Қақаған аязда тұрғындар бетін қымтап жүреді.
Осы жылы қазақ отбасының өмірін тамашалауға Еуропа, АҚШ және Жаңа Зеландиядан сегіз фотограф пен 13 моңғол келген. Олар да қазақтармен ілесіп, алыс сапарға аттанды.
Қазақтар діттеген жеріне жету үшін бес күндей уақытын жолға жұмсайды.
Аллен қазақ отбасының осылайша жыл сайын көктемгі жайылымға шығатынын сөз етті.
Отбасы жүк көлігімен көше алатынына қарамастан, үйір малды жаяу көшіруге тура келеді.
Қазақтарға ілескен топ үш көлік пен бір ірі жүк көлігін пайдаланды. Ал қазақтар бәрін сыйдыру үшін сегіз киіз үйін ала шықты.
Отбасы үйір-үйір малымен тау арасын кесіп өтті.
"Бұл мен үшін өмірімдегі ең күрделі экспедиция болды. 21 адамның ғана Алтай тауын қыста кесіп өтуі мұның қасында айтарлықтай ерлік емес", - дейді Аллен.
Фотолар жүздеген қазақтың тауда бораннан түк көрінбейтін жағдайда да жолын тауып, діттеген жеріне малымен қоса аман-есен жететінін көрсетеді.