Адам қолынан шыққан (жасаған) материалдар жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің салмағынан асып түседі
Адам қолынан шыққан (жасаған) материалдар жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің салмағынан асып түседі
4 жыл бұрын 4441 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамзаттың осы уақытқа дейін қолынан шыққан, яғни, жасаған материалдар мен заттарды, жолдарды, құрылғыларды, ғимараттарды, т.б. салмағын есептеп көрген екен. Нәтижесінде адам жасаған нәрселердің салмағы жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің салмағынан ауыр тартқан. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен ғасырдың бас кезінде адам жасаған нәрселер мен бұйымдардың салмағы жердегі барлық тірі организмдер салмағының бар-жоғы үш пайызын ғана құраған екен. 2020 жылы бұл көрсеткіш 110 пайызға жеткен. Жолдар мен ғимараттардың, өзге де қондырғылар мен құрылғылардың салмағы шамамен жиырма жыл сайын екі есегe артып отырған. Бүгінде адамзат жасаған нәрселердің салмағы 1 триллион тоннаға жеткен. Ғалымдар өнеркәсіптік және экологиялық мәліметтерге сүйене отырып, осы заманғы адамзаттың жылына орташа есеппен алғанда шамамен 30 гигатоннаның нәрсесін жасайтынына көз жеткізіп отыр. Ғалымдар адамзат бұл қарқынынан таймаса, 2040 жылға дейін 3 трлн тонна жасанды материал өндіретінін алға тартып отыр. Техногендік массаның дені жолдар мен ғимараттардан тұрады. Керісінше адамзат қарасының көбеюі өз кезегінде қазба байлықтардың, тың өлкелердің қарқынды игерілуіне түрткі болып, биомассаның (орман-тоғай, жануарлар әлемі, т.б.) кемуі қалыпты жағдайға айналып келеді.

0 пікір
Мұрағат