100 жылға дейін жарамды биологиялық батарея жасалды
100 жылға дейін жарамды биологиялық батарея жасалды
2 жыл бұрын 1273 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Abdelhak Balhaki / Reuters

Бингемтон университетінің (АҚШ) ғалымдары ішектің қышқыл ортасында белсенділігі оянатын микробтық отын элементін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы зерттеу материалы жарияланған Small мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар адам жұту арқылы пайдалана алатын, шамамен 100 жылдай мерзім сақаталатын биоаккумулятор жасауды алдына міндет етіп қойды.  «Біз бұл биобатареяны портативті, сақтауға болатын және сұраныс бойынша электр энергиясын өндіретін етіп жасағымыз келді», - деді Бингемтон университетінің профессоры Сеохунг Чой. Ғалымдар бұл тарапта фаренгейт бойынша -500-ден 750 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алатын Каптон пленкасымен жапсырылған монета көлеміндей микробтық отын ұяшығын (элементін) жасай алды. Жұтқан кезде батарея іске қосылып, жұмыс істей бастайды. Ғалымдар өндірілген энергия мөлшері жарық диодты, цифрлық термометрді немесе шағын сағатты қуаттандыруға жеткілікті екенін анықтады. Мамандардың айтуынша, элементті бөлме температурасында бір апта бойы сақтағаннан кейін электр энергиясын өндіру небәрі 2 пайызға төмендеген.

0 пікір
Мұрағат