1 шақырым жер астына (тереңдігіне) 100 тонна көміртекті көметін стартап пайда болды
|
Аталмыш технология артық парникті газдарды жер астында жою арқылы салдары жойқын жаһандық жылынуға себеп болып отырған көміртегіден құтылуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы bnnbloomberg.ca ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзатқа пайдасы ұшан теңіз стартап 44.01 құны 37 миллион доллар болатын А сериясын қаржыландыру раундының аяқталғанын хабарлады. Компания 1 шақырым тереңдіктег орналасқан жер қойнауына көмірқышқыл газын айдау технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл инновациялық тәсіл атмосферадағы CO₂ мөлшерін азайтып, климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Дәлірегі, ғалымдар CO₂ алдымен сұйықтықта ерітіліп, кейін терең геологиялық қабаттарға айдалатын әдісті ойлап тапты. Көміртегіге бай сұйықтық жер астындағы тау жыныстарына таралады. Бұл қышқыл сұйықтық тау жыныстарымен байланысып, минералдарды ерітеді. Көмірқышқыл газымен әрекеттесетін заттық иондар қатты карбонаттар түзеді. Осылайша тау жынысында мыңдаған жылдар бойы сақталады. Айрықша жоба Оман аумағында сынақтан өтіп, тиімділігін көрсетті. Стартап алдағы жылдары көміртегі сақтау қабілетін арттыра отырып, өз жұмысын айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр. Алғашқыда 1 шақырым тереңдікте көмілетін көміртегі мөлшерін 100 тоннаға дейінгі жеткізуді көздейді, содан кейін бұл бағыттағы технология жетілдірілген сайын бұл көрсеткіш артады. Ұсынылған әдіс атмосфераға бөлінетін парниктік газдардың мөлшерін азайту жөніндегі жаһандық мақсаттарға қол жеткізудің маңызды құралы бола алады. Мемлекеттер мен компаниялар көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге кіріскен кезде көміртекті сақтау технологиясы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.