Юанның доллар үстемдігін жоя алмайтындығы белгілі болды
|
Қытайдың төл ақшасының халықаралық есеп айырысудағы төлемдерде рекордтық үлеске ие болғанын Қытайдың Ресеймен нығайған байланысымен және екі тараптың да долларға тәуелділікті азайтуға ұмтылысымен түсіндіруге болады. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың мемлекеттік валюта басқармасы шілде айында Қытайдың кіріс және шығыс операцияларының 53 пайызы өздерінің ұлттық валюта арқылы жүзеге асырылғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Юанның халықаралық саудадағы рөлінің нығайуына Америка құрама штаттары санкциялық саясатының Ресейдің доллармен операцияларды жүргізу мүмкіндігін шектегені себеп болған. Бұл жағдай Бейжіңге өзінің қаржы жүйесін дамытуға және оны ресейлік жүйемен байланыстыруға мүмкіндік берді. 2015 жылы қытай ақшасының құнсыздануына байланысты юанды интернационалдандыруға қатысты биліктің бұрынғы талпынысы сәтсіз аяқталды. Гонконгтың ғылым және технология университетінің Едбин Лай есімді профессоры Қытайдың АҚШ долларымен бәсекелесуге ниеті жоғын мәлімдеді. Оның үстіне, жаһандық деңгейдегі юанның орны тек доллардан ғана емес, сонымен қатар, еуро мен фунт стерлингтен де төмен. Юанның үлесі SWIFT мәліметі бойынша әлемдік төлемдердің 4,74 пайызын ғана құрайды. Бұған дейін Қытай валютасы тоғызыншы ай қатарынан танымалдығы бойынша төртінші орында тұрғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ресей мен Қытай арасындағы өзара есеп айырысу құрылымындағы рубл мен юанның үлесі 95 пайыздан асқаны белгілі.