Ықтимал соғыс қалай өрбуі мүмкін: аумағы, соққы беру стратегиясы мен тактикасы, т.б. факторлар турасында
Ықтимал соғыс қалай өрбуі мүмкін: аумағы, соққы беру стратегиясы мен тактикасы, т.б. факторлар турасында
5 жыл бұрын 6434 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей бұйрығымен Иран генералы Қасым Сүлеймен өлтірілді. Конгреспен кеңеспей шешім қабылдаған АҚШ президентінің бұл қадамына америкалықтардың өздері наразылық білдіріп жатыр. Өйткені, америкалықтардың өзіне тікелей қауіп төнді. Иранмен арадағы ықтимал соғыс қатерінен. Алдымен біз сөз етіп отырған Қасым Сүлейменнің қандай тұлға екенін айта кетейік: Қасым Сүлеймен (Kasım Süleymani) 1988 жылдан бері Иранның «әл-Құдыс» корпусының элиталық бөлімшесінің командирі болып аса жауапты қызмет атқарып келе жатқан, Парсы елінің рухани көсемі Хаменейге ғана бағынатын әрі Хаменейдің ғана тікелей бұйрығын орындайтын тұлға. «Иранның қылышы» атанған генерал тек шиғалар елінде ғана емес, сонымен қатар, күллі Таяу Шығыс аймағына аты шыққан аса ықпалды тұлға болды. Қасым Сүлеймен әлемнің көптеген елдерінде террористік ұйым ретінде танылған Ливандағы «Хезболла» әскери әрі саяси ұйыммен Иран билігін жақындастырған тұлға. Бұдан бөлек, Иранның іргесіндегі Ирактағы шиғалардың қарулы топтарымен, т.б. қысқасы Иранның геосаясаттағы ықпалын кеңейтуге, мүддесін жүзеге асыруға септігін тигізетін аймақтағы әскери әрі саяси ұйымдармен байланыс орнатуға күш салған тұлға. Оның көзін жою үшін бірқатар араб елдері мен Изриалдің барлау қызметтері тарапынан қастандық жасалуға талпыныс жасалған тұлға. Ғаламдық саясат орталығының мемлекеттік емес субьектілері бағдарламаларының директоры Хасан Хасанның (Hassan Hassan) жазуынша «Иран АҚШ тарапынан ықтимал жауап болатынын ескермей тым еркінсіп, еркін қимылдап кетіп еді». Осылай дей келе ол Иранның америкалықтардың төзімін тауысатын қандай әрекеттерге барғанын тізбелепті:

-       Америкалық ұшқышсыз ұшатын аппаратын жойды;

-       Саудияның мұнай обьектілеріне шабуыл жасады;

-       АҚШ елшілігіне наразы жұртты айдап салды, т.б.

Бұл айтылғандардан бөлек, америкалықтар 2003 жылы Иракқа басып кіргеннен кейін 2011 жылға дейін Ирак аумағында 600-ге тарта амекрикалық сарбаз ирандық әскерилердің тікелей пәрменімен өлтірілген.

Әлбетте, бұл операцияларда аты аталған генералдың «қолтаңбасы» бар. Бұл айсбергтің көрініп тұратын бергі, беткі жағы ғана, сарапшылардың айтуынша,  Дональд Трамптың ирандық генералды өлтіруге берген бұйрығының астарында Қытай экономикасына соққы беру жатыр. Иранды көздегенімен негізгі нысанасы Қытай болды. Мұнай бағасы бірден шарықтап, 4 пайызға көтерілді. Ақ үй қожайыны конгреспен алдын ала құпия келісіп алуы да мүмкін. Иран генералын өлтіруге қатысты бұйрықты. Десе де америкалықтар бұл бұйрығының зардабын тарта бастады: Ирак билігі ел аумағындағы шетелдік әскери базаларды жабатынын мәлімдеді. Иранмен арадағы текетіресте Ирак екі оттың ортасында қалып отыр. Оның үстіне, АҚШ-тың бұл әрекеті Біріккен Ұлттар ұйымы тарапынан заңсыз деп танылды. Ирактағы халықаралық коалиция тек содырлармен күресуі тиіс, Иранға дәл іргесінде отырып алып доқ көрсету үшін емес.

Енді Иран америкалықтардың бұл әрекетіне міндетті түрде жауап беретінін, яғни, ұлттық қаһарманға айналып шыға келген генералдың өлімі үшін кек алатынын мәлімдеді. Америкалық стратегтердің болжамы бойынша әлем қауымдастығы алдында әлсіз болып көрінбесі үшін әрі аймақтағы азды-көпті ықпалын, өзінің беделін сақтап қалу үшін жауап қайтарады. Десе де Иран билігі соғысқа құлықты емес. Дегенмен Иран билігі осы жолы дипломатиялық немесе саяси қадамдармен шектеліп қалмайды. Таяу Шығыстағы америкалықтардың әскери базаларына соққы беруі мүмкін. Әсіресе, АҚШ-тың аталған аймақтағы әскери және саяси (Израил, Саудия) одақтастарына шабыл жасауы ықтимал. Әлбетте, АҚШ Иран режимін іштен шалып құлатуға талпынғанымен бұл әрекеті сәтсіз аяқталады. Өйткені, Иран Ирак емес немесе еуропалық отаршылдықтан қалған жасанды мемлекет емес, тарихы мыңдаған жылдарға созылатын әбден қалыптасқан, кезінде алып империя болған іргелі ел. Екінші сценарий бойынша америкалықтар әуеден соққы беру арқылы Иранның ядролық бағдарламасының жүзеге асыру жоспарын 18 айдан 3 жылға дейін кейінге шегеруге қол жеткізуі мүмкін. Қарулы қақтығыс тоқтаған күннің өзінде екі ел арасындағы жанжал мен дағдарыс жалғасын табады. Тағы бір сценарий бойынша Пентагон 1991 жылғы Ирактағы «Шөлдегі дауыл» деп аталатын әскери операция кезінде қолданған әскери тактиканы орындауға кіріседі: Иранның әскери обьектілеріне үсті-үстіне соққы беру арқылы. Иранның ұзақ уақыт бойы қайта бас көтерместей етіп тұқыртып алады. Десе де сарапшылардың барлығы бірауыздан АҚШ пен Иран арасындағы қарулы қақтығыс үлкен соғысқа ұласа қоймайтынын айтып отыр. Өйткені, екі ел де қауіпсіздік саласындағы тым күрделі сипат алған диллеманы аттап кете алмайды.

0 пікір
Мұрағат