Үш мұсылман елдің арасына сына қағып, сызат түсірген мегажоба іске қосылды
Үш мұсылман елдің арасына сына қағып, сызат түсірген мегажоба іске қосылды
3 жыл бұрын 1530 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ақпан айының 10-ы күні Африка құрлығындағы теңдесі жоқ ең ірі жоба іске қосылды. Бұл арада әлемдегі ең ірі су артериясы саналатын Ніл өзеніндегі гидроэлеткр стансасы турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан бірер жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында бірнеше материал жарияладық осы тақырыпта (қараңыз: «Мысырлықтардың басына қара бұлт үйірілді», «Үш мемлекет Нілдің суын бөлісе алмай жатыр» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/ush-memleket-nildin-suyn-bolise-almai-jatyr-10881/#gsc.tab=0). Ресми атауы The Grand Ethiopian Renaissance Dam (GERD, Эфиопия ұлы жаңғыруының бөгеті) жобасы сағатына 5000 МВт немесе жылына 15 759 гигаватт электр энергиясын өндіретін болады. Бүкіл әлемдік банктің бұл бағытта келтірген дерегіне қарағанда, Эфиопия Африка құрлығында халық санының көптігі бойынша осы Ніл суымен жан бағып отырға Мысырдан кейін екінші орында тұрған ел, соған байланысты күллі құрлық бойынша электр энергиясының тапшылығын тарту жағынан да алдыңғы орында тұр. Яғни, 110 млн халықтың үштен екісі электр энергиясының тапшылығынан зардап шегіп отыр. 5 млрд долларға салынған алып дамба Эфиопия экономикасына серпін беруі тиіс. Бұдан бөлек, артық электр энергиясын көрші елдерге экспорттауды көздеп отыр аталған ел билігі. Аталмыш жоба тек электр энергиясымен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, аймақтағы судың ағынын да реттей алады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығында Нілдің суын тиімді пайдалануға әрі судың шектен тыс булануының алдын алып, су ресурсының үнемделуіне ықпал етеді. Қвзіргі уақытта алып дамбада 13 турбиннің 375 МВт өндіретін тек біреуі ғана іске қосылған. Келесі турбиндері бірнеше айдан соң іске қосылады. Мегажоба құрылысы 2024 жылы толық аяқталады деп отыр. Эфиопия билігі бұл жобаға өз тарапынан 1,98 млрд доллардан аса инвестиция құйды. Десе де Нілдің суымен күн көріп отырған Судан мен Мысыр Эфиопия жеріндегі мегажоба кесірінен су тапшылығына ұшырау қаупі барын айтып, дабыл қағып, әлем қауымдастығын бұл жобаны тоқтатуға шақырған болатын Ол ол ма, пирамидалар елінің сыртқы істер министрлігі Эфиопия билігін Ніл суын біржақты пайдаланып отыр деп айыптап наразылық білдірген еді 2015 жылғы аталған үш елдің келісімі бойынша Ніл суын біржақты пайдалануға тыйым салатын құжат негізінде. 

0 пікір
Мұрағат