Ұрпақ көбейтуге лицензия енгізуі мүмкін
Ұрпақ көбейтуге лицензия енгізуі мүмкін
7 жыл бұрын 2658 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі елдегі демографиялық ахуалды оңдау үшін ерекше тәсілге жүгінбек. Нақтырақ айтқанда, Миния провинциясында орналасқан "Азаматтар құқығын дамыту және әділет ұйымы" ұсынған әдіске көшуі мүмкін. Аталмыш ұйым сарапшылары халықтың көбеюін ел тұрақтылығына қауіп төндіретінін алға тартып отыр. Осы себепті, ұрпақ көбейтуге лицензия енгізуге шақырып отыр ел билігін. Егер аталған ұйым ұсынған тәсіл билік тарапынан мақұлданатын болса, онда әр отбасына бала санын шектейтін тыйым қолданысқа енуі мүмкін. Айта кетейік, бұл лицензия жас отбасыларына беріледі. Лицензияны жаңғыртуға бөлінген уақыт аралығы - 5 жыл. Яғни, тағы перзент сүйгісі келетіндер алғашқы баланың өмірге келгеніне бес жыл өткен соң лицензия алап алатын болады. Лицензияны елдің денсаулық сақтау министрлігі береді. Ал лицензиясыз перзент сүйгендерге мынадай гаралар қолданылады: мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылардан, демеуқаржыдан қағылады әрі айыппұл салынады. 

0 пікір
Мұрағат