Үндістанның тағы бір штаты басқа наным-сенімдегілерді өзге дінге тартуға қарсы заң қабылдады
|
Таяуда Үндістанның солтүстігінде орын тепкен Ражастан штатында өзне дінге өтуге қарсы заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде persecution.org ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес өзге дінге өткісі келетін адам бұл ниетін жергілікті билікке ең аз дегенде екі ай бұрын хабардар етуі тиіс. Бұдан бөлек, өзге дінге немесе наным-сенімге алдап-арбап, айла-шарғы қолданып немесе мәжбүрлеп, қысым көрсету арқылы кіргізгісі келетіндерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған – он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал жәбірленуші 500 000 рупи (шамамен 590 доллар) өтемақы алады. Ал бір адам емес, бірнеше адамды жаппай өзге дінге өткізгендерге жаза күшейтіледі: 500 мың рупи айыппұлға тағы елу мың қосылады. Ражастан осындай заңды қабылдаған Үндістанның он екінші штаты. Мұндай ереже Арунашал-Прадеш, Шхаттисгарх, Гүжарат, Хариана, Химашал-Прадеш, Жаркханд, Махиа-Прадеш, Одиша, Уттаракханд және Уттар-Прадеш штатттарында бұрыннан қолданыста. Rajasthan Prohibition of Unlawful Conversion of Religion Bill 2024 деп аталатын заң жобасын штаттың заң шығарушы органы Ассамблеяның қысқы сессиясы кезінде заңға айналдыру үшін қабылдауы керек. Ражастхан штатын Бхаратия Жаната Парти деп аталатын үнділердің ұлтшыл партиясы (BJP) басқарады, бұл партия, сонымен бірге, федералды басқарушы ретінде алға шығады. Бұл конверсияға қарсы заң жобасын қабылдауды жеңілдетуі және жеделдетуі мүмкін. Аталмыш заң жобасында көзделген қылмыстар сотталмайтын және сотталатын болып жіктеледі және заң жобасында құқық бұзудың сипатына байланысты жазалаудың түрлі шараларын қамтитын ережелер қарастырылған. Заң жобасы кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, сондай-ақ, арнайы тізімге енгізілген касталар мен тайпаларға жататын халықтың осал топтарын қорғауға бағытталған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, өзге дінге өткісі келетін адам бұл ниетін алдын ала, дәлірегі, 60 күні бұрын жергілікті билікке хабарлауы тиіс. Сосын өзге дінге өткен соң мүдделі тұлға бұл туралы 60 күн ішінде коллекторға ант-су іше отырып хабарлауы керек. Өзге наным-сенімге өту процедураларының машақаты көп, қолдан жасалған кедергілері елдің наным-сенім бостандығына кепілдік беретін конституциясына қайша келмек. Үндістан конституциясының 25 (1 тармағында) - бабында: "қоғамдық тәртіпті, адамгершілік пен денсаулықты, сондай-ақ, осы бөлімнің басқа ережелерін сақтаған жағдайда, барлық адамдар ар-ождан бостандығына және дінді еркін ұстануға, орындауға және таратуға құқылы"делінген. Сондай-ақ, мәжбүрлеу арқылы қиылған неке заң тұрғысынан жарамсыз деп танылады. Әсіресе, үнді мен мұсылман арасындағы неке айрықша, «май шаммен» қаралады.