Үндістанда оқулықтардан ислам тарихына қатысты ақпараттарды алып тастап жатыр
Үндістанда оқулықтардан ислам тарихына қатысты ақпараттарды алып тастап жатыр
2 жыл бұрын 1293 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сәуір айында Үндістанда мектеп бітіруші сыныптағыларға және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған тарих және саясаттану пәндерінің оқулықтары қайта басылып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News мәлімет көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық педагогикалық кеңес жаңа білім беру жүйесі оқушылар мен студенттерге көп салмақ түспеуі керек деген желеумен тарих оқулықтарынан және саясаттанудан исламға қатысты деректерді алып тастады. Осылайша бірнеше ғасырға созылған (16-19 ғасырлар) Үндістан тарихының жарқын беттерін құрайтын, дәлірегі, үнді өркениетінің алтын ғасырларын құрайтын Моғолдар империясының исламды тарату мәліметтерін алып тастаған. Бұдан бөлек, жаңа оқулықтарды Гүжараттағы радикалды үнділердің қолынан жүздеген мұсылманның қаза тапқаны туралы дерек те кездеспейді. Бұл жайт академиялық ортаның наразылығын тудырып отыр. Оңтүстік Азиядағы тарихшылардың ең ірі қауымдастығы, 35 000 мүшесі бар Үндістанның тарихи конгресі ғалымдар үнді билігін «Үндістанның өткенін біржақты және қисынсыз қабылдау» деп сынға алып, айыптап отыр. Үндістан Қытайдағы қытайландыру саясатына ұқсас радикалды шараларға жиі жүгінетін болған – исламды еске түсіретін атаулар мен ұғымдарды қолданыстан алып, енді оқулықтарға ауыз салып отыр. Осылайша, елде бірде-бір исламға ишара ететін белгі қалдырмауға бел буғандай әсер қалдырып отыр.

0 пікір
Мұрағат