Үндістан парламентінің төменгі палатасы мұсылмандардың дүние-мүлкі туралы заң жобасын қабылдады
|

Үндістан парламентінің төменгі палатасы «Уақып туралы заңға өзгертулер енгізу туралы» (Waqf Amendment Bill) заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Hindustan Times ресурсына жөн сілтеген yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үнді билігі мақұлдауы тиіс бұл заң ғасырлар бойы үнді мұсылмандары құрған уақыптарды - қайырымдылық және діни қорларды басқарудың қазіргі жүйесіне елеулі өзгерістер енгізеді. Аталған елдің оппозициялық партиясы аталмыш заң жобасына қарсы шығып, конституцияға қайшы келетінін әрі кемсітушілікке жол беретінін мәлімдеді. Үндістанда осы уақытқа дейін мүлік меншігінің уақыптарын басқару ісі 1995 жылғы заңмен реттеліп келген еді. Бұл заңға өзгерту енгізу туралы бастаманы билік басындағы ұлтшылдықты ту еткен "Бхаратия жаната парти" өкілдері көтерді. Оппозиция мен мұсылман жамағатының жетекшілері бұл заңды мұсылмандардың конституциялық құқығын шектеп, мемлекеттің уақыптар ісіне араласуына жол беретінін алға тартып отыр. Ең әуелі аталмыш заң жобасы 2023 жылдың тамыз айында парламенттің қарауына енгізілген болатын. Алайда, оппозицияның тегеурінді наразылыған байланысты кейінгі шегерілген еді. Үндістандағы уақыптар мешіттер мен медреселерді, мұсылман ауқаттылары қоғам игілігі үшін садақ еткен мыңдаған жер телімдерін қамтиды. Мұсылмандарға ортақ дүние-мүлік болғандықтан мұндай нысандар мен жер телімдерін сатуға немесе өзге мақсат үшін пайдалануға болмайды. Ал Қазіргі уақытта уақыптарды аса ірі жер телімдерінің қожайындарынан жасақталған арнайы кеңестер (уақып-бордтар) басқарады. Үкіметтің мәліметіне сәйкес бүкіл ел бойынша жалпы ауданы 940 000 акрдан асатын 872 351 уақып-нысан тіркелген. Бұл нысандардың құны 1,2 трлн рупиядан (14,22 млрд доллар) асады. Даулы заң жобасына сын айтушылар билікке мұсылмандарға тиесілі қорға шектен тыс бақылау орнатып, оларды уақып санатына жатқызу немесе жатқызбау мәселесін өздері шешетін болады.




