Үндістан халық саны Қытайдан асып түсті
Үндістан халық саны Қытайдан асып түсті
2 жыл бұрын 6521 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылдың аяғында Үндістан халқының саны, World Population Review (Дүниежүзілік халықты шолу) мәліметіне сенсек, 1,417 миллиард адамға жеткен, бұл көрсеткіш Қытайдағыдан 5 миллионға көп, ресми дерек бойынша Қытай халқы 1,412 миллиард адамды құраған. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қаңтар айындағы WPR мағлұматына сәйкес Үндістан халқының саны шапшаң өсіп, 1,423 миллиард адамды құраған. Ал Macrotrends зерттеу платформасының келтірген айғағына қарағанда, бұл көрсеткіш 1,423 миллиард адамды құрайды. 2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары Үндістан 2024 жылға қарай халық саны жағынан Қытайды басып озады деген есебін жариялаған еді. Дүниежүзілік ұйым Үндістан халқы сол кезде 100 миллионнан асады, деп болжаған. Бұған дейін БҰҰ қараша айының 15-і күні адамзат қарасының 8 миллиард адамға жеткенін хабарлап, демографиялық негізгі өсім Азия мен Африка есебінен өскенін, дәлірегі, адамзат қарасы екі құрлықтан 400 миллионға тарта адамға артқанын жариялаған болатын. Бір ғана Үндістан халқы 177 миллионға көбейген болатын. Демографтар 2037 жылға қарай жер бетінде 9 миллиард адам, 2058 жылы 10 миллиард адам болады деп болжап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем халқының ең жоғары шегі 2080 жылдан 2100 жылға дейін болатынын алға тартып отыр - шамамен 10,4 млрд.

Ұқсас материал:

«60 жылда алғаш рет қытай халқы күрт азайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/60-jylda-algash-ret-qytai-halqy-kurt-azaidy-18021/#gsc.tab=0);

«Қытайда демографиялық апат басталып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-demografiyalyq-apat-bastalyp-keledi-16293/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат