Ұмраға қандай жағдайда рұқсат беріледі
Ұмраға қандай жағдайда рұқсат беріледі
4 жыл бұрын 3204 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі көп ұзамай ұмра жасауға 2020 жылдың наурыз айының бас кезінде пандемияға байланысты салынған тыйымның күшін жоймақ. Бұл жайында Saudi Gazette мерзімді басылымы мәлім етті. Алғашқы кезде тек жергілікті қажылар ғана ұмраға бара алады. Кейін шетелдіктерге рұқсат беріледі. Оның өзінде де ұмра жасағысы келетіндердің бәріне рұқсат берілмейді, белгілі бір шектеу болады. Қажылық және ұмра істері жөніндегі министр орынбасары Хұсейн аш-Шәріптің айтуынша, ұмра кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтаудан бастап барлық қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс. Ұмраға жұқпалы індетке шалдықпағандар ғана жіберіледі. Қалған талаптарды артынан аталмыш министрлік хабардар етеді. «Мәруа-тур» хабарламасында айтылғандай, ұмра үшін арнайы мобилді қосымша дайындалады. Онда рұқсат алған қажылар ұмра жасайтын күні турасында ақпарат алады.

0 пікір
Мұрағат