Ұлыбританияның жаңа монархы Құран оқиды әрі хижабты қолдайды
Ұлыбританияның жаңа монархы Құран оқиды әрі хижабты қолдайды
2 жыл бұрын 1391 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан Елизавета ІІ патшайымның қазасы (96 жасында қайтыс болды, 1952 жылдан бері 70 жыл бойы тақ иесі болды) туралы ақпараттан кейін Чарльз III (шын есімі - Чарльз Филипп Артур Жорж) оның тағына отыратыны жөніндегі ақпарат жаһанды шарлап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тақ мұрагері кезінде ол шығыстың салт-дәстүріне деген ерекше көзқарасымен көзге түскен еді. Оның бұл ерекшелігі Ұлыбританияның мұсылман елдеріне деген жылы қарым-қатынастың орнауына өз ықпалын тигізді. Сарапшылардың пікірі осындай. Соның ішінде араб монархтарымен жақын болды. Роберт Джобсон өзінің «Чарльз жетпіс жаста: ойлар, үміттер және армандар» кітабында жаңа монархтың Таяу Шығыстың Батыспен қарым-қатынасы туралы не ойлайтынына айрықша назар аудараған екен. Аталмыш кітаптың негізгі тезистері ретінде сарапшылар мыналарды бөліп әрі атап көрсетеді: ханзада Ирактағы соғысқа қарсы, Еуропа елдеріндегі паранжа мен никабқа тыйым салумен келіспейді, министрлерге бұдан былай Таяу Шығысқа қару-жарақ жеткізуге қарсылық білдірмейді, қасиетті Құранды зерделейді, ең бастысы – Парсы шығанағы аймағының араб көсемдерімен (көшбасшыларымен) жеке қарым-қатынасына басымдық береді. Сөз орайы келгенде Иордания королі Абдалланың пәрменімен Иорданияда Елизавета патшайымның қазасына байланысты бір апталық, Біріккен Араб Әмірлігі үш күндік аза тұту жарияланғанын айта кетпекпіз. Осының өзі араб монархының ағылшын монархына ерекше құрметін көрсетеді. 

0 пікір
Мұрағат