|
Уағыз айтудан жарыс өтті
|
Уағыз айтатын адамға қойылатын талаптардың үддесінен шығу үшін діни білімі терең болуы керек, тіл байлығы болуы, яғни, шешен сөйлеуі тиіс, т.б. талаптар қойылады. Міне, осындай шарттары бар байқау жуырда Шешенстан астанасындағы «Шешенстан жүрегі» деп аталатын мешітте өтті. Аталмыш байқауға Құнта қажы Кишиева атындағы ислами білім беретін жоғарғы оқу орнының 120-дан аса студенті бақтарын сынап көрді. Оларға Шешенстан ғұламалары мен мұсылман қайраткерлері қазылық етті. Жеңімпаздарға қасиетті Құран кітабы тарту етілді әрі Грозный қаласындағы орталық мешітте жұма намазы кезінде уағыз айтуға мүмкіндік берілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапониядағы мұсылман саны 1 жылда 70 мың адамға артқан
■
Жерде жаңа климаттық белдеу пайда болуы мүмкін
■
Иран сағатына 500-ден аса шақырым қашықтықпен қозғалатын, радарға іліге бермейтін соққы беруші дрон құрастырды (видео)
■
Араб елі аумағындағы ең күрделі әрі ауқымды жобаның ауыр кезеңі аяқталды (видео)
■
Ем-домға бой бермейтін обыр түрімен күресуде маңызды қадам жасалды