Туыстарын жұмысқа алған басшыларды жауапкершілікке тартатын заң жобасы қоғам талқысына ұсынылады
Туыстарын жұмысқа алған басшыларды жауапкершілікке тартатын заң жобасы қоғам талқысына ұсынылады
3 жыл бұрын 1503 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда туыстарын жұмысқа алған басшыларға айыппұл салу шарасы қарастырылған заң жобасы қоғамның талқысына ұсынылады. Бұл жайында islam.kz порталы Podrobno.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызын арттыратын аталмыш өзгерту Еңбек кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізіледі, дәлірегі, еңбек кодексіне басшыларға қолындағы билігі мен құзыретін пайдаланып, туыстарын жұмысқа алуға тыйым салынады, ал әкімшілік жауапкершілік кодексінде мұндай заңсыздыққа жол берген басшыларға жаза қолдану, яғни, айыппұл салу шарасы қарастырылады. Бұл арада туған-туыстары ретінде басшы тұлғаның ата-анасы, балалары, немерелері, шөберелері, әжесі, атасы, қайын ата-енесі, бажалары, т.б. жатқызылған. Қандай да бір кәсіпорын басшысы мұндай тыйымды бұзатын болса, оған 4 млн сомнан 5,4 млн сомға дейін (370-500 доллар шамасында) айыппұл салынады. Ал мемлекеттік мекеме басшысы осындай заңсыздыққа жол берсе, 6,7 млн-нан 8,1 млн сомға (620-755 доллар) дейін айыппұл салынады. Аталмыш заң жобасы осы жылдың қазан айының 30-на дейін қоғам талқысында болады.

0 пікір
Мұрағат