Түрмедегі тұтқын күзетшілерді ұрып тастады
Түрмедегі тұтқын күзетшілерді ұрып тастады
10 жыл бұрын 3652

АҚШ-тың Аризона штатында психиатриялық бөлімнің 18 жастағы тұтқыны күзетшілерді ұрып тастады. Күзетшілер ауруханаға түсті. Олардың біреуінің бет сүйегі сынып, миына қан кетіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Бұл оқиға өткен аптада Lower Buckeye түзету мекемесінде орын алған болатын. Олардың арасындағы төбелес бақылау камерасына түсіп қалған. Тұтқын, тіпті, элtктршогынан да сескенбеген. «Өкінішке қарай, ешкім ешуақытта түрмеде, әсіресе, психиатриялық бөлімде не күтіп тұрғанын білмейді»,- деді жергілікті шериф Джо Арпайо.

 

87 жастағы әже ұшақ бортында төбелес шығарды 

Канаданың Air Canada әуе компаниясына тиесілі AC877 жолаушылар ұшында 87 жастағы әже жанжал шығарып, борт серігіне тап берген. Бұл жайында The Irish Times ақпарат көзі хабар таратты. Германияның Франкфурт қаласынан Үйеңкілер елінің Торонто шаһарына бет алған ұшақ экипажы осы келеңсіздікке байланысты Ирландияның Шаннон әуежайына шұғыл қонуға рұқсат сұраған екен. Ұшақты әуежайда полиция мен апат қызметі күтіп алды. Төбелес шығарған әже сол арада тұтқындалып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Артынан оны еркіне жіберген. Қарт жолаушының неліктен мұндай қадамға барғаны турасында ақпарат айтылмаған.

0 пікір
Мұрағат