Түркияда темекіден жылына 85 мың адам көз жұмады
Түркияда темекіден жылына 85 мың адам көз жұмады
3 күн бұрын 460 24.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес әлемде шамамен 2 миллиард адам темекі өнімдерін тұтынады, хабарлайды 24кз ақпарат көзі.

Шылым шегушілердің 80%-ы әдетте төмен және орта табысты елдерде өмір сүреді. Түркияда да темекі тартатындар баршылық.

Меруерт Қанағат, тілші: - Жалпы темекіні қолдану жөніндегі статистикалардың әртүрлі екенін айта кеткен жөн. Солардың ішінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018-2023 жылдарға арналған Темекіге қарсы күрес жоспарына сәйкес Түркияда темекі шегушілер санының 15 миллионға жуық. Мәлімдемеде Түркияда 15 және одан жоғары жастағы жалпы халықтың әрбір 4 адамнан кем дегенде бірінің темекі шегетіні айтылған. Ал, Еуропа Одағы (ЕО) Статистика басқармасының есебіне қарағанда.   

Еуропа елдерінде ең көп темекі шегетін ел 29 пайызбен Болгария болса, Түркия 27,3 пайызбен екінші орында. Зерттеулер Түркияның жан басына шаққандағы орташа тәуліктік темекі тұтыну санында 17,1-мен әлемде бірінші орында екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш Грекияда 15,7, Израильде 15,5, Жапония мен Австрияда 15,4 екені жарияланды. Бір қызығы, әлемде өнімнің денсаулыққа зиянды екендігі жөнін ашық әрі айқын жарнама осы темекі сатуда қолданылады. Сонда да оны тұтынушылар саны азаятын емес. Түркияның темекіге қарсы қауымдастығының мәліметінше, 2008 және 2023 жылдары темекіге тәуелділер санының 14 миллион деңгейінде тұрақты қалған. Қалай? 2008 жылы ел халқы 71 миллион болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14 миллионға артып, 85 миллионға жетті. Халық санының өсуіне қарамастан, темекі шегушілер санының өзгермеген. Сонымен қатар, Түркияда күн сайын шамамен 14 миллион 840 мың, ал жылына 5 миллиард 400 миллионнан астам акциздік маркасы бар темекі қорабы сатылады екен.  Жалпы, Түркияда кез келген жерде кофемен және жіңішке белді стақанды ұрыттап тұрып, темекі шегетіндерді көптеп кездестіруге болады. Қоғамның көзі де бұған әбден үйреніп қалған. Десе де елде шылым шегушілерге қарсы күрестің табанды екенінде айта кеткен жөн. Тіпті, мұны ел президенті Ердоғанның өзі де жиі айтады. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті: - Әлемде күн сайын 20 мың адам темекіге байланысты аурулардан көз жұмады. Біздің елімізде жыл сайын  85 мыңға жуық адам көк  түтіннің құрбаны болып жатыр. Темекі  адамды улап қана қоймай, қоршаған ортаны да ластайды. Әлем бойынша балалардың жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен тыныстауға мәжбүр. Біз жабық орындарда темекі шегуге тыйым салу, айыппұл мөлшерін арттыру және жоғары салық салу сияқты маңызды шараларды қолға алдық. Темекі қораптарында денсаулық туралы ескертулердің көрнекі әрі әсерлі болуын қамтамасыз еттік. Қоғамдық сананы арттыруға тырыстық. Бұл жасырын қауіпті жоюда барлық азамат,   бүкіл адамзат қырағы болуы қажет деп есептеймін. 

Меруерт Қанағат, тілші: - Жаңа ғана елде шылым шегушілерге қарсы күрестің де қатаң екенін айтқан едім. Түркияда жабық орындарда темекі және темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынғанына 15 жыл болды. Елде мыңдаған темекімен күрес орталықтары жұмыс істеп тұр. Тегін.

Осыдан 5 жыл бұрын Түркияда барлық темекі қораптарының пішіні мен түсі «сұр» болуы керек деген заң қабылданып, қорап бетінде темекінің кез келген түрі денсаулыққа зиян сөзі тұруы міндеттелді. Ал темекінің бренд атауы да жіңішке әрі кішкентай жазумен болуы тиіс. Бастысы, Түркияда электрондың темекінің кез келген түрін сатуға тыйым салынған. Әрине, заңсыз жолмен саудалап жатқандар бар. Десе де сақшылар ұстап алса жазасы қатаң. Қорытындылай келе, Түркияда темекіге қарсы шаралардың әсері байқалғанымен, темекі тұтыну көрсеткіштері әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Қытайда темекіден тәулігіне 2700-ден астам адам көз жұмады

Қытайда шылымның зардабынан өлім-жітім көбейді. Көрші елде жылда дәл осы жағдайдАн 1 миллионнан астам адам көз жұмады. Миллиондаған тұрғын түрлі созылмалы дертке душар болған. Статистика қытай қоғамын айтарлықтай алаңдатып отыр. Зиянды әдетпен күресуге мемлекет дәрменсіз. Оған бірнеше себеп бар.

Руслан Бақытбекұлы, тілші: - Әлем бойынша тұтынылатын темекінің 43 пайызы Қытайға тиесілі. Тең жартысына сәл жетпейді. Шылым шегуге қарсы күрес қауымдастығының мәліметіне сай бұл елде 300 миллионнан астам адам темекі шегеді. Оның басым көпшілігі ер адамдар. Нақтырақ айтсақ, 296 миллион. Ал енді соның ішінде 26 пайызы 15 жастағы жеткіншектер.

Темекіге қарсы күрес Қытайда ең өзекті мәселенің біріне айналған. Бүгінде зиянды әдеттен жапа шегетіндер артып келеді. Жылда шылымның кесірінен 1 миллионнан астам адам көз жұмады. Тағы 3 миллионнан астамы түрлі айықпас дертке шалдығады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес өкпе рак ауруымен ауыратын 10 адамның 9 осы шылымнан екенін анықтаған. Мәселен, 2023 жылы темекіден 1 миллион 33 мың 300 адам қайтыс болды. Бұл елдегі СПИД, туберкулез, өзіне қол салу немесе жол-көлік апатынан болатын өлім-жітімнен де көп. Тіпті, бәрін бірге қосаң да шылымнан көз жұматындар саны басым.  

Сюй Цзяхуа, Қытайдың темекіге қарсы күрес қауымдастығының қызметкері:Батыстағы елдерге қарағанда Қытайда темекі тартатын әйелдер әлдеқайда аз. Бірақ ер азаматтар өте көп. Әйелдер, әсіресе жастар сән ретінде қарап, ер азаматтармен тең боламыз деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Мұны көп жағдайда кеш түсініп жатады.

Осының бәрін біле тұра мемлекет түбегейлі тыйым сала алмай отыр. Тек шылым шегудің зияны туралы ақпараттандыру, темекі тартуды қоюға әрекеттенгендерге психологиялық кеңес беру сияқты әлеуметтік қолдау көрсетуден ары бара алмай отыр. Кейінгі жылдары қоғамда зиянды әдет белең алып бара жатқандықтан бірқатар шектеулер қойылған. Салық көтеріліп, ашық жарнамаға тыйым салынды. Ақпараттық насихаттау да күшейтілді. Алайда бәрі нәтижесіз. Бір сөзбен айтқанда, Қытай билігі темекіге қатысты қатаң тыйым сала алмай отыр. Себеп, Қытай әлемдегі ең үлкен темекі өндіруші және ең көп тұтынушы ел болып саналады. Елде жылына 2 миллион 600 мың тоннадан астам темекі өндіріледі. Бір миллион фермер темекі өсірумен айналысады. Қазір темекі өндірісі Қытай үкіметінің ерекше назарында. Өндірісінен түсетін жылдық табыс 214 миллиард АҚШ доллардан асады. Ұлттық қазынаға түсетін салық та қомақты. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші: - Дей тұра, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай 2024 жылы елде шылым шегетіндер азайған. Бірақ ауыз толтырып айтатындай емес. Айта кету керек, шылым оны шеккен адамға ғана емес, қоршаған орта үшін де аса зиян. Бүкіл дүниежүзінде жыл сайын темекімен байланысты дерттен 8 миллион адам көз жұмады. Оның 70 пайызы өкпе аурларымен байланысты.  

Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын

 

 

0 пікір
Мұрағат