Түркияда шетелдіктерге жылжымайтын мүлікті сатуға тыйым салуды ұсынды
Түркияда шетелдіктерге жылжымайтын мүлікті сатуға тыйым салуды ұсынды
2 жыл бұрын 1965 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияда İyi Parti (Жақсы партия) жетекшісі Мерал Акшенер шетелдіктерге жылжымайтын мүлікті сатуға тыйым салуды ұсынды. Мұндай бастаманың көтерілуіне елдегі тұрғын үй бағасының шарықтап өсуі себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы жергілікті T24 мерзімді басылымының сайтына (t24.com.tr) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, зілзаладан зардап шеккендерді орналастыру проблемасы да жылжымайын мүлікке деген сұранысты арттырған. Осы орайда 2023 жылдың қаңтар айында Түркиядағы тұрғын үй бағасының 8-10 пайызға дейін өсіп кеткенін айта кету керек. Мәселен, Анадолыдағы (Анталия) 60 шаршы метрлік пәтер бағасы 140 мың еуроны құраса, Ыстамбұл мегаполисіндегі тура осындай пәтер ақысы шамамен 200 мың еуро болған. Сарапшылар алдағы уақытта елдегі тұрғын үйлерге деген сұраныс 15-20 пайызға дейін өсетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат