Түркия ядролық қаруға ие бола ма?
Түркия ядролық қаруға ие бола ма?
5 жыл бұрын 3777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айта кетейік, Түркия 1980 жылы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі және 1996 жылы ядролық сынақты өткізуге тыйым салу туралы келісім-шартқа қол қойған мемлекет. Осы таяуда ғана Нью-Йорк мегаполисіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында мінбеден сөз алған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ядролық қаруды әлемнің барлық еліне ие болуға біржола тыйым салу немесе әлемнің барлық еліне ие болуына жол беру керектігін алға тартып, мәлімдеме жасады. Өйткені, оның айтуынша, ядролық қаруы бар державалар жаппай қырып-жоятын қаруды қысым көрсетудің құралына айналдырып алған. Мұндай әділетсіздікке енді төзуге болмайтынын ашына жеткізген еді. Бұдан бөлек, Режеп Тайып Ердоған елдің қорғаныс саласына қатты көңіл бөлген тұлға ретінде танымал. Өзі мүше Солтүстік саяси-әскери альянс құрамындағы елдердің көңіліне де, АҚШ-тың санкция салатынын айтып, доқ көрсеткеніне қарамай, ресейлік қаһарлы қаруды (С-400 зениттік зымыран кешені) сатып алғаны бұл сөзімізге дәлел бола алады. . Мәселен, аталмыш қарудың Түркияға не үшін керек екенін де тәпіштеп жазған болатынбыз (қараңыз: «Ресейдің сына қағар қаруы» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965/#gsc.tab=0).  Отандық қару-жарақ өнеркәсібін дамытуды да ұмытқан емесТек БҰҰ қабырғасында ғана емес, ядролық қару тақырыбын отандастарының алдында да қозғаған болатын. Түркияның шығысында орын тепкен Сиуас қаласында әділет және даму партиясы мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде. Жаппай қырып-жоятын қаруға ие Израилдің көріш жатқан ел екенін айта келіп. Бұдан бөлек, Түркияны Иранның алыс қашықтыққа ұшатын зымыранға ие екенін де толғандыруда. Өйткені, Түркия ұшу қашықтығы 300 шақырымнан асатын зымырандар экспортына тыйым салатын зымыран технологиясына бақылау орнату режиміне қатысты ережеде қарастырылған міндеттемелерді мойнына алған ел. Қалай дегенмен, Түркия бүгінгі таңда әскери әлеуетін үшінші жақтан арттырып отырған ел. Олай дейтінімз, әлеуеті зор қару-жарақты сырттан сатып алудан ары аса алмай отыр. Оның өзінде халықаралық міндеттемелерге сәйкес белгілі бір шектеу аясында ғана қаруын жетілдіре алады. Бұдан бөлек, әскери әлеуетін үшінші жақтан ғана дамыту мүмкіндігіне ие дейтініміз, Түркия 1952 жылдан Солтүстік саяси-әскери альянс мүшесі ретінде «ядролық шатыры» бар мемлекет атанды. Қырғи-қабақ соғыс жағдайында. Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы ядролық қару Түркияның өзіне қауіп төндіріп тұр – жаппай қырып-жоятын қаруға ие Ресейдің ядролық оқтұмсықтарының бір парасы Түркияға бағытталған. АҚШ-тың ядролық қаруы әлі күнге сақталған Еуропадағы аз ғана елдердің бірі. Әскери сарапшылардың есебінше, Түркияның «Інжірлік» авиабазасында америкалық B-61 ядролық қаруының шамамен 50 данасы бар. 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде аталған авиабазада әскерилер бүлік шығарғанда түрік билігі бірнеше күнге электрді ажыратуға мәжбүр болды. Бұдан бөлек, соңғы жылдары Түркия энергетикалық ядролық реактор құрылысына белсенді түрде ден қойып отыр. Оның бііріншісін ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қолға алып жатыр. Атом электр стансасы бойынша түріктер тек орыстармен ғана емес, сонымен қатар, жапондармен де ынтымақтастық орнатқан. Өйткені, түріктер уранды ашық өндіру әдісіне жетік емес, осыған қарамастан өзге елдердің мамандарына жүгінуі болашақта Түркияның ядролық қуатты тек бейбіт мақсатта емес, қорғаныс саласында да қолдануы мүмкін деген ойға итермелейді. Оның үстіне, АҚШ-тың аталған елде ықпалы кеміп, әлемнің көп полярлы жүйеге ауысып келе жатқанын ескеріңіз. Оның үстіне, әлемдік қауымдастықтың ядролық проблеманы шешу үшін «ядролық монополияға» жол берген державаларға ядролық қарусыздануға қатысты нақты талап қоя алмай отырғанын да, бұл өз кезегінде аталмыш проблеманың жуық арада щещіле қоймайтынын, соған орай Түркияны ядролық қаруға ұмтылуына итермелеуі мүмкін екенін аңғартады. Түркияның Иранның ядролық бағдарламасына позициясы қандай? Израил немесе Саудия сияқты ықпал ету аймағы үшін бақталасқа айналған елдер Ираннан мейлі ол бейбіт мақсатта қолданылатын болса да ядролық бағдарламасынан толық бас тартуды талап етсе, Түркия билігі Саудия немесе Израил секілді қатаң талап қойып отырған жоқ, Иранмен келіссөз жүргізу арқылы парсы елінің ядролық бағдарламасына ықпал етуді көздейді. Осының өзі, яғни, Түркияның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты позициясының өзі талай жайтты аңғартып тұр.

0 пікір
Мұрағат