|
Түркия сириялық босқындарға барынша жағдай жасауда
|
Түркияның оңтүстік-шығысында заман талабына сай, яғни, сириялық босқындарға арналған барынша жайлы лагердің құрылысы басталды. Бұл жайында босқындарға жағдай жасауға жауапты төтенше жағдайлар жөніндегі федералды агенттіктің өкілі Махмұт Сонмез мәлімдеді. 2015 жылдың қаңтар айының орта шенінде Сирияның солтүстігінде орналасқан күрдтердің Кобани қаласынан бас сауғалап келген босқындар тұрады. 32 500 адамға шақталған лагерде балалар үшін білім беру мекемесі, аурухана жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Түркияға келген босқындардың саны 1,7 млн адамды құрайды. Олардың көбісі жергілікті билік пен үкіметтік емес ұйымдар берген палаткаларда тұрып жатыр. Сириялық босқындар үшін Түркия 5,5 млрд доллар жұмсаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті