|
Мұсылмандарды елден қууды ұсынған тележүргізушінің өзі қызметінен қуылды
|
Франциядағы тәулік бойы хабар жүргізілетін i-Tele жаңалықтар арнасының тележүргізушісі Эрик Заммур эфирден осы елдегі 5000 000 мұсылман жамағатын қууды ұсынып, мәлімдеме жасағаны үшін 11 жыл табан аудармай істеген қызметімен қош айтысты. Ол «азаматтық соғыстың және хаостың алдын алу үшін» осындай мәлімдеме жасауға мәжбүр болғанын айтып ақталды. Нәсілдік кемсітушілік пен діни араздыққа жол ашатын оның бұл мәлімдемесі озық ойлы азаматтардың ашу-ызасын тудырды. Францияның билігі де үнсіз қалмады. Осы елдің ішкі істер министрі Бернар Казенев исламофобты осы мәлімдемесі үшін айыптай сөйлеп, Франция мұсылмандардың, иудейлердің, христиандардың және өзгелердің де ортақ үйі екенін айтып, толеранттылықтың үлгісін танытты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды