Түркия президенті ел тұрғындарына 1 жыл бойы тегін газбен қамтамасыз етуге уәде берді
Түркия президенті ел тұрғындарына 1 жыл бойы тегін газбен қамтамасыз етуге уәде берді
2 жыл бұрын 1127 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Murat Cetinmuhurdar / Presidential Press Office / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара теңіз аумағынан табылған Сарария кенінен газ өндірісі басталған бетте ел тұрғындарын, дәлірегі, үй шаруашылығын бір жыл бойы тегін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге уәде берді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамыр айының орта шенінде өтетін саяси дода – президент сайлауы қарсаңында ол жыл бойы тұрмыстық тұтынуға ай сайын 25 текше метрге дейін тегін газ берілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Қара  теңіздегі газ қоры Түркияның энергияға деген қажеттілігінің 30 пайызын өтейді. Бастапқыда тәулігіне 10 млн текше метр (яғни, жылына 3,6 млрд текше метр), ал 2026 жылы тәулігіне 40 млн текше метрге дейін газ өндіруді жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Түркия қазбалы энергетикалық ресурсты игерудің жаңа кезеңіне қадам жасайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-qazbaly-energetikalyq-resursty-igerudin-jana-kezenine-qadam-jasaidy-17593/#gsc.tab=0);

«Түркия келесі жылдан бастап өз газын өндіреді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-kelesi-jyldan-bastap-oz-gazyn-ondiredi-16653/#gsc.tab=0);

«Түркияны энергетикалық тәуелділіктен құтқаратын кен орны табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyany-energetikalyq-taueldilikten-qutqaratyn-ken-orny-tabyldy-14019/#gsc.tab=0);

«Түріктер тағы бір газ кен орнын тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikter-tagy-bir-gaz-ken-ornyn-tapty-14277/#gsc.tab=0

 

0 пікір
Мұрағат