Түркия жылжымайтын мүлік арқылы азаматтығын алу талаптарын қатаңдатты
Түркия жылжымайтын мүлік арқылы азаматтығын алу талаптарын қатаңдатты
3 жыл бұрын 2304 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түрік азаматы атану үшін аталған елден Түркия билігінің шарты бойынша жылжымайтын мүлік сатып алу керек. Түркия билігі мұндай қадамға баруына ел экономикасына қосымша қаржы көздерін қарастырудан барып отыр. Ендігі жерде Түкия азаматтығын осындай жолмен алу қиындайды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Себебі, Түркияның жылжымайтын мүлкіне украиналық босқындар мен ресейлік келімсектер тарапынан сұраныс күрт артып кеткендіктен азаматтық алу құны артты. Бұрын жылжымайтын мүлік арқылы азаматтық алу үшін шетелдік тұлға 250000 доллар төлеп келсе, енді бұл меже 400000 долларға көтерілді. Ресми дерек бойынша 2017-2020 жылдар аралығында Түркия азаматтығын осындай жолмен 7000-ға тарта шетел тұлғасы алған екен. Түрік азаматы атану үшін, сондай-ақ, бұрында хабарлағанымыздай, Түркия экономикасына кем дегенде 500 000 доллар мөлшерінде инвестиция құю керек. Яғни. Осынша қаржыға аталған елден өз кәсібін ашуы және кем дегенде 50 адам жұмыс істеуі талап етіледі. Бүгінде түрік азаматы атанғысы келетіндер арасында ирактар, ирандар, ресейліктер және ауғандар қарасы көп.

Ұқсас материалдар:

«Түркия азаматтығын алғысы келетіндер санаты кеңейді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-azamattygyn-algysy-keletinder-sanaty-keneidi-16414/#gsc.tab=0);

«Түркия азаматтығын алу жеңілдеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-azamattygyn-alu-jenildedi-10840/#gsc.tab=0)


0 пікір
Мұрағат