Түркия ел тарихында алғаш рет әскери бюджеттің рекордтық деңгейін бекітті
Түркия ел тарихында алғаш рет әскери бюджеттің рекордтық деңгейін бекітті
1 ай бұрын 847 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі 2,25 жылға арналған қорғаныс бюджетін бекітті. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында ел тарихында алғаш рет аса қомақты қаржы көзделген - 47 млрд доллар бюджеттен бөлінетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы The Middle East Eye ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ, өткен жылы, яғни, 2024 жылы қауіпсіздік пен қарулы күштерге Анкара 40 миллиард доллар жұмсаған еді, яғни, биыл бұл тараптағы көрсеткіш 17.5%-ға артқан. Қазіргі уақытта Түркия Ирак пен Сирияда әскери операциялар жүргізуде, сонымен қатар, Либия, Сомали және Катарда әскери базалары бар. Сондай-ақ, түріктердің әскери күштері Солтүстік Кипрде тұрақты түрде болады. 2003 жылдан бастап Түркия отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қомақты қаражат бөліп келеді. Қару-жарақ арсеналын жетілдіруде немесе толықтыруда отандық технологияға басымдық беру арқылы мемлекет қауіпсіздігін жаңа белеске көтеріп, 2024 жылы Түркия әлемдегі ең ірі ұшқышсыз ұшу аппараттары нарығында аса ірі ойыншыға айналды. Десе де Түркия өзі орналасқан Таяу шығыс аймағындағы қарулы қақтығыстар мен геосаяси шиеленіс жағдайында қорғаныс қабілетін одан ары нығайтуға мүдделі. Осыған байланысты 100000 лирадан асатын несие карталарының иелеріне 750 лира мөлшерінде қосымша салық салып, одан түскен қаражатты қорғаныс өнеркәсібін қолдау жөніндегі мемлекеттік қорға аудару турасында ұсыныс айтылып қалды. Алайда, кейінірек билік бұл бастамадан азаматтардың нақты кірісіне емес, несие қаражатына салық салудың халыққа ауыртпалық түсіретіндіктен бас тартты. Түркия билігі қорғаныс саласының өсе  түскен шығынын жабудың өзге жолдарын қарастырып жатыр. Осы орайда аталған елдің қаржы министрі Мехмет Симсек елді әуе соққысынан қорғайтын «темір күмбез» жүйесін құруды ұсынғанын айта кетпекпіз. Дегенмен, мұндай жүйе мүлдем тың әрі жоғары технологияны қажет ететіндіктен қымбатқа түседі.

0 пікір
Мұрағат