Түркия билігі инфляциямен күресте қатаң үнемдеу шараларын көшеді
Түркия билігі инфляциямен күресте қатаң үнемдеу шараларын көшеді
8 ай бұрын 647 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Chris McGrath / Getty Images

Түркия билігі бағаның ыррыққа көнбей шарықтап өсуімен күрес аясында үш жыл бойы жаңа ғимараттар мен автокөліктерді жалдаудан бас тартады. Аталған елдің қаржы министрі Мехмет Шымшық мемлекеттік мекемелердегі үнемдеу саясаты мұнымен ғана шектеліп қалмайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де инфляцияны тежеу үшін қолға алынған бұл амал зілзала кезінде қолданыламайтынын атап өтті. Өйткені, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз ғимараттарды пайдалану үшін ел бджетінен арнайы қаржы бөлінеді. Дегенмен, үнемдеу саясаты бір мемлекеттік қызметкерге шаққанда бір шаршы метр аумақен шектелетінін жеткізді. Жалақы саласында түрік билігі мемлекеттік органдардағы директорлар кеңесі мүшелерінің жалақысының шекті мөлшерін белгілеу арқылы ақшаны үнемдеу туралы шешім қабылдады, ал жаңа қызметкерлер белгіленген кезеңде тек қолданыстағы қызметкерлердің бірі зейнеткерлікке шыққан жағдайда ғана жұмысқа алынады. Мемлекеттік инвестициялар 15 пайызға қысқарып, құжат айналымы жүйесі электронды түрге көшіріледі. Осы және басқа да шаралар шамамен 100 миллиард лираны үнемдейді (қазіргі валюта бағамы бойынша 3,1 миллиард доллар). Түркияның жылдық инфляция деңгейі сәуір айында шамамен 70 пайызға көтерілді, бұл 84,39 пайызбен тіркелген 2022 жылдың қарашасынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл ретте қарапайым тұтынушылар елдегі жылдық инфляцияны 96 пайыз, ал ENAG тәуелсіз экономистер тобы 127,21 пайызға жетті, деп бағалап отыр.

0 пікір
Мұрағат