Түркия азаматтығын алу ережесі тағы қатаңдатылды
Түркия азаматтығын алу ережесі тағы қатаңдатылды
10 ай бұрын 906 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі ел аумағында тұрақтап қалғысы келетін қоныс аударушылар үшін қойылатын талапты қатаңдатты, дәлірегі, бұрынғы шарт бойынша кем дегенде осы елдің азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер кем дегенде 400 мың доллар тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуы тиіс болатын. Осы жолы бұл талап 600 мың долларға өзгертілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің Азаматтық істер жөніндегі басқармасына жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы жаңа ережеге сәйкес бұл талап 2024 жылы қолданысқа енеді. Осы орайда Түркия азаматтығын алу үшін қымбат жылжымайтын мүлік сатып алу талабының алғаш рет 2017 жылы пайда болғанын айта кетпекпіз. Түркияның статистика бюроысының келтірген дерегіне қарағанда, айналдырған бір ай ішінде, дәлірегі, қазан айының өзінде ел аумағындағы 2,5 жылжымайтын мүлік шетелдіктерге сатылған. Түркияның жылжымайтын мүлігін сатып алуда ресейліктер көш бастаған – 713 нысан.

Ұқсас материалдар:

«Түркияда тұру шарты қатаңдатылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyada-turu-sharty-qatandatyldy-19324/#gsc.tab=0);

"Түркия азаматтық алу процедурасын қиындатады" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-azamattyq-alu-protsedurasyn-qiyndatady-18928/#gsc.tab=0);

"Түркия жылжымайтын мүлік арқылы азаматтығын алу талаптарын қатаңдатты" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-jyljymaityn-mulik-arqyly-azamattygyn-alu-talaptaryn-qatandatty-16621/#gsc.tab=0);

«Түркия азаматтығын алғысы келетіндер санаты кеңейді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-azamattygyn-algysy-keletinder-sanaty-keneidi-16414/#gsc.tab=0);

«Түркия азаматтығын алу жеңілдеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-azamattygyn-alu-jenildedi-10840/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат