Туристер үшін медресе ашады
Туристер үшін медресе ашады
4 жыл бұрын 1830 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзия билігі әлемнің әр түкпірінен ағылып келетін туристерге арнап, олардың діни білім алуына мүмкіндік беретін медресе ашуды жоспарлап отыр. Аталған мұсылман елінің туризм, өнер және мәдениет министрі Мұхаммедин Кетапидің айтуынша, бұл шара елдегі ислами туризмді жандандыруға бағытталған. Яғни, Малайзия соңғы жылдары өркен жайып келе жатқан ислами туризм нарығында барынша бәскелік қабілетімен көзге түсіп, ойып тұрып орын алғысы келеді. Бүгінгі таңда Малайзия аумағында саяхаттаушылар баратын орындардың бірі – мешіттер. Әсіресе, ел астанасы – Куала-Лумпур қаласындағы Масжид Негара мешітіне, Путражайдағы Масжид Путра мұсылмандардың құлшылық үйіне, Мелака елді-мекеніндегі Масжид Селат ислами ғибадат ғимаратына бас сұғатын туристер қарасы көп. Қазіргі уақытта аталған елдің сарапшылары мен діни жетекшілері шетелдік меймандарды, соның ішінде, мұсылман емес туристерді мешітке қабылдаудың нұсқаулығы дайындалып жатыр.

0 пікір
Мұрағат