|
Жапондар терідегі кемшілікті жасыратын спрей ойлап тапты (видео)
|
Жапон компаниясы тері кемшіліктерін жасыратын спрей жасап шығарды. Бұл спрейге "екінші тері" деген атау берілген, деп жазады Massaget.kz.
Бүріккіш зат теріге себілген кезде сыртқы мембранасына жабысып, кішкентай талшықтар адам терісінен айнымайтын қабат түзеді. Кез келген пішінге ене алатын және терінің кез келген кемшілігін жабатын жасанды теріні созуға да болады. Талшықтар ауа мен ылғал өткізеді.
Компания "екінші тері" көмегімен терінің күйіктерін жасыруға және олардың қалпына келуін тездетуге болады деп болжап отыр. Мұндай спрей науқастарға операциядан кейін де көмектеседі. Бұл спреймен терідегі қал мен тыртықтарды жасыруға болады.
Технология кең таралса, сауда көлемі 100 миллиард иеннен (918 миллион доллар) асады деген үміттеміз, - дейді компания президенті Kao Мичитака Савада.
Сатуға әлі шықпаған спрейдің бағасы шамамен 532 доллар болатыны белгіленді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады